• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 21 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

14 жасар баланы ұрып өлтірген оқушылар сотталды

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысын соққыға жығып, өліміне себеп болған іс бойынша сот үкімі жарияланды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

07.10.2025
in Оқиғалар
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Темір ауданында 11 және 10-сынып оқушылары өздерінен кіші 9-сынып оқушыларын «құрметсіздік танытты» деген желеумен жабылып ұрған.

Төбелес кезінде 9-сынып оқушыларының бірі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу барысында және сотта кәмелетке толмаған айыпталушылар кінәларын ішінара мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін айтқан.

Мемлекеттік айыптаушы олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал жәбірленушілер тарапы оқушыларды бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

Сотталушылардың кінәлары жәбірленушілер мен куәлардың жауабы, сараптама қорытындысы және өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Сот жеңілдететін мән-жай ретінде олардың кәмелетке толмағанын, ал ауырлататын мән-жай ретінде кейбірінің қылмысты ұйымдастыруда белсенді рөл атқарғанын ескерді.

  • «Б» және «Т» – ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 106-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға сотталды.
  • «М» – ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
  • «Қ», «Ж» және «Ж-1» – бұзақылық жасағаны үшін (ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары) 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар сот «Т» сотталушысының заңды өкілінен жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

azattyq.ruhy

Фото:turanifo.kz

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

Келесі мақала

ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің қызметкерлері тұмауға қарсы екпе алды

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі