• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 20 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ активінде кадрлық өзгерістер таныстырылды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштеріне, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

29.07.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалғаны хабарланды.

Мейрамбек Зинабдинұлы 1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары білім, тілдерді дамыту басқармаларының, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе, Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасары жауапты қызметтерін абыроймен атқарған.2024 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі лауазымында болды.

Аймақ басшысы Мейрамбек Зинабдинұлына өңіріміздің қоғамдық-саяси ахуалын қатаң бақылауда ұстап, білім, мәдениет, спорт, дін, қоғамдық даму салаларындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.

Актив отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы, Руслан Рүстемұлы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген Шахмардан Асқарұлы Байманов Іскерлік басқару магистрі бағдарламасы аясында бизнес мектебіне оқуға түсуіне байланысты осы лауазымнан босатылды.

Жиында Шахмардан Асқарұлына Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Ол қызмет барысында білім, мәдениет, спорт, дін және қоғамдық даму салаларына жетекшілік етті. Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, жастар қозғалыстары және діни конфессиялармен тығыз байланыс орнатты. Мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалардың өңірде жүзеге асырылуын тиімді үйлестірді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сенаторлар кәсіптік білім базасымен танысты

Келесі мақала

Қызылордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі