• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақты бақылауда

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ мүшелерімен бірге Әйтеке би кентіндегі бірқатар азық-түлік дүкендері мен орталық базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

25.11.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы күнделікті тұтынатын 19 түрлі негізгі азық-түлік өнімдерінің – ұн, нан, күріш, макарон, қант, күнбағыс майы, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері мен көкөніс түрлерінің қазіргі бағасын зерделеп, сатушылармен және дүкен иелерімен пікірлесті. Кәсіп иелеріне бағаны негізсіз өсірмеу, халықтың жағдайын ескере отырып, әлеуметтік жауапкершілік таныту керектігі айтылды.

Сонымен қатар, аудан әкімі дүкен сөрелеріндегі өнім сапасына, тауардың жарамдылық мерзіміне де назар аударып, сауда орындарының санитариялық тазалығын да қадағалап көрді. Сауда орындарындағы санитариялық тазалық, өрт қауіпсіздігіне байланысты да тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Халық күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері – бұл елдің тұрмыстық әл-ауқатының көрсеткіші. Сондықтан бағаның тұрақтылығы – әрқашан басты назарда. Біз бұл бағыттағы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз. Кәсіпкерлермен тығыз байланыста бола отырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қорғауға күш саламыз, – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, азық-түлік бағасын тұрақты бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл шара – аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Алдыңғы мақала

Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісін аяусыз ұрып соққан

Келесі мақала

Қызылордада есірткіге қарсы акция аясында карате жарысы өтті

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі