• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қызылорда қаласында “Алтын күз”-2025” іс-шарасында жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан азаматтар марапат төрінен көрінді

Қазан айының 17-18 күндері Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» салтанатты іс-шарасы аясында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткен болатын,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

22.10.2025
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жәрмеңкені жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан азаматтарға ризашылығын жеткізіп, облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

— Бұл шара — үлкен маңызға ие, дала еңбеккерлерінің ала жаздайғы еңбегі мен төккен терінің нәтижесін көрсететін ауқымды іс. Алтын дәнді аман-есен жинап, ел ырысы тасып, жеріміз берекелі болған күн. Жәрмеңкеге ауданымыздан 80 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері апарылып,
Сыр жұртшылығына ұсынылды. Биылғы жылы ауыл еңбеккерлері егілген 5636 гектар күріштің әр гектарынан 38,1 центнерден өнім алып, қамбаға 21473 тонна астық құйылды.
Сонымен қатар, басқа да дақылдардан жоғарғы өнім алуға қол жеткіздік. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша көрсеткіштеріміз жоғары. Осыған байланысты аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында Қазалы ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша «Озат аудан» атанды. «Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Ынтымағы жарасқан ел ғана еңбектен береке таба алады. Сіздер өздеріңізге жүктелген әрбір міндетті жауапкершілікпен атқардыңыздар. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол жеміс тілеймін,-деді аудан әкімі.

Марапаттау рәсімінен кейін аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, елдік іске жұмыла кірісіп марапатқа бөленіп датқан азаматтарға жылы лебізін жеткізді.

Айта кетейік, биыл облыс орталығында өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Қазалы ауданы «Озат аудан» атанды. Есепті кезеңде өңделген күріш 126 пайызға, балық өңдеу көлемі 2 есеге артса, өңделген сүттің 95 пайызы ауданның еншісінде.

Салатанатты шарада жыл қорытындысымен өңірлің агроөнеркәсіп кешені саласында үздік жетістіктерге жеткен қазалылық еңбек озаттары да марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі Сақымжан Жұмағали «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» атанса, «Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақташысы Қарабалаев Жеңіс Ертуғанұлы «Озат бақташы», «Смарт Агро» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрқожаев Нұрлыбек Анатолиұлы «Озат көкөніс өсіруші», «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің құрылыс-жөндеу бөлімінің басшысы Байжігітов Рүстем Шаяхметұлы «Озат гидротехник», «Береке» шаруа қожалығының комбайншысы Сапаев Мейрамбек Әлімұлы «Озат комбайншы» номинациясымен марапатталды.

Алдыңғы мақала

Синтетикалық есірткінің зияны туралы семинар

Келесі мақала

Аудан әкімі теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын көрді

Оқи отырыңыз

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
Өнер

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
Қоғам

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
Әлемде

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды
Қоғам

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

«Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу»: Роза Рымбаева

Ер адам әйелін тауық еті үшін аяусыз пышақтап өлтірген

Күн жүйесінің маңынан Жерге ұқсас планета табылған

Қазалыда кезекті сенбілік жұмыстары өтті

Өзекті жаңалықтар

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
Өнер

«Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина

0

  “Қазір әлеуметтік желіде қозғап жатқан мәселе туралы менің де айтарым бар! 25 жыл бойы домбыраны арқалап,...

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

«Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

Жігерді жаныған мерекелік сайыс

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • «Еңбектің ескерілмеуі —  әділетсіздік!»: Әнші Қарақат Әбілдина
  • Ойын-сауық орталығында іш киіммен жүрген ер адам сотталды
  • «Интер» клубының қақпашысы 81 жастағы ер адамды көлігімен қағып өлтірген
  • Мәжілісте электр энергиясы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысы мәселесі қаралды
  • Жігерді жаныған мерекелік сайыс
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі