• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Арал ауданында халық игілігіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асуда

Сыр бойындағы тіршілікке тірек болған Арал өңірі соңғы жылдары жаңа серпінмен дамып келеді. Мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, денсаулық сақтау мен білім беру нысандарын жетілдіру, ауыл шаруашылығын ілгерілету бағытында ауқымды жобалар қолға алынған, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

24.07.2025
in Бизнес
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауданда жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылуда. Осы және өзге де маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ауданға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сексеуіл кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, нысан қыркүйек айында пайдалануға беріліп, оқушылар жаңа оқу жылын заманауи әрі жайлы ортада бастайды.

Арал қаласындағы 1910 жылы салынған №14 мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептің іргетасы берік сақталғанымен, инженерлік жүйелері толық жаңартылып, шатыр, терезе, еден ауыстырылып, сыртқы әрлеу және аула абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар білім беру сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Денсаулық сақтау саласында да елеулі ілгерілеу байқалады. Арал аудандық көпбейінді орталық аурухана жанынан жапсаржай құрылысы жүріп жатыр. 40 төсектік нысанда кардиология мен инсульт бөлімшелері болады. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған жапсаржай іске қосылған соң, аудан халқына кешенді әрі жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұған қоса, 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы да жүргізілуде.

БАҚ өкілдері «Қамқорлық» оңалту орталығының құрылыс барысымен де танысты. Қазіргі уақытта ішкі жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұзды, сенсорлық, механотерапия және бальнеотерапия бөлмелерімен қамтылатын орталық заманауи оңалту қызметін көрсетуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы бағытында Ақирек ауылдық округіне қарасты Ақбай елді мекеніндегі егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл еңбеккерлері қарбыз, қауын, қызанақ және басқа да көкөніс-бақша өнімдерін жинауға кірісті. Биылғы жылы қолайлы ауа райының және дихандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мол өнім алынуда. Жиналған өнімдер облыс аумағына таратылып, жергілікті нарыққа жеткізілуде.

Сондай-ақ, Аманөткел ауылдық округінде орналасқан «Арал Рыбторг» ЖШС-нің тоған шаруашылығы назарға ұсынылды. 15 гектар аумақты алып жатқан шаруашылықта тұқы, сазан, ақамур және дөңмаңдай сияқты балық түрлері өсірілуде. 2024 жылы 7,7 млн дана шабақ тоғандарға жіберілген. Жылдық қуаттылығы 300 тонна болатын өндіріс орны болашақта өңірдегі балық өнімінің көлемін еселемек.

Арал ауданындағы бұл жобалар — өңірдің әлеуетін арттыруға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты істердің көрінісі. Білім мен денсаулық, кәсіп пен ауыл шаруашылығы қатар дамыған аймақта халықтың болашағына деген сенімі де артып келеді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Келесі мақала

Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа өзгерістер енгізіліп, бақылау күшейтілді

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі