• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

 Әскери — патриоттық жастар жиыны қорытындыланды

Ақтөбе қаласында XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Шет елдерден және еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жас патриоттар өзара күш сынасып, ептілік пен білім деңгейін сараптады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

03.07.2025
in Құқық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сайысқа қатысушы 20 команда 8 кезең бойынша сынға түсті. Аталған жарысқа аймақтан аттанған “Сыр айбыны” командасы да үздік өнер көрсетіп, жалпы есепте төрттікті түйіндеді. Бұл туралы “Қызылорда облысының жастар Одақтары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасұлан Алдабергенов,
“Жас сарбаз” жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жасұлан Жаңабай және “Сыр айбыны” командасының жас сарбазы Расул Ниетулла айтты.

— «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жыл сайын дәстүрлі түрде жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Бұл – жасөспірімдердің патриоттық рухын оятып, әскери дайындық пен тәртіпке баулитын маңызды алаң. Қызылорда облысынан қатысқан командалар әр жылдары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Биылғы көрсеткіш те жаман емес – “Сыр айбыны” командасы барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, төртінші орынды иеленді. Бұл – үлкен еңбек пен дайындықтың жемісі. Алдағы уақытта да жас сарбаздарымыз бұдан да жоғары нәтижеге жететініне сенімдімін,- деді Жасұлан Нұрланбекұлы.

— Осындай деңгейдегі жарыстардың маңызы өте зор. Бұл – жастарды отансүйгіштікке, тәртіпке, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін, олардың бойында жауынгерлік рухты қалыптастыратын бірегей алаң. “Айбын” жиынына дайындық жұмыстары сайыс басталады дегеннен-ақ қолға алынды. Команданың әрбір мүшесі жауапкершілікпен қарап, тынымсыз дайындалды. Нәтижесінде, “Сыр айбындары” командасы әскери кросс жарысында жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды. Жастарымыздың бойындағы ерік-жігер мен намыс бізге келешекте бұдан да биік белестерді бағындыруға сенім береді,- деді Жасұлан Бақытжанұлы.

Ал автомат шашу жарысында жерлесіміз Расул Ниетулла шапшаңдық танытып, 60 қатысушының ішінен бірінші орынды иеленді. “Болашақта өрт сөндіруші болғым келеді”,- дейді жас сарбаз.

— Бұл жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалдым. Әр жаттығуда шапшаңдыққа мән бердік. Қарсыластар осал болмады, бірақ өзіме сенімді болдым. 60 қатысушының ішінен топ жарып, бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Бұл — мен үшін үлкен тәжірибе. Болашақта өрт сөндіруші болғым келеді. Елге, халыққа пайдасы тиетін мамандық иесі болу арманым,- деді Расул Ниетулла.

Алдыңғы мақала

Су айдындары салғырттықты кешірмейді

Келесі мақала

Мамандар трендке айналған Лабубу ойыншығының зиян екенін айтты

Оқи отырыңыз

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен
Білім

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»
Өнер

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Саясат

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

Қазалыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

Қазалыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі