Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Бекарыстан би ауылындағы салынып жатқан спорт кешені мен Майдакөл ауылындағы ауылдық клубтың құрылысын көріп, мердігерлермен кездесті.
Бүгінгі күнге дейін Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің іргетасының колонналарына бетон құю жұмыстары, 10 кВ электр желісін және ауыз су желісін жүргізу жұмыстары жасалды. Қазіргі таңда темір қаңқалары тікейтіліп монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының 40 пайызы орындалды. Спорт кешенінің құрылысымен мердігер мекеме «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі мекемесі айналысуда.
Ал, Майдакөл ауылындағы ауылдық клуб құрылысының бүгінгі күнге 90 пайызы аяқталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысан аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралау барысында спорт кешені мен ауылдық клубтың құрылысын мерзімінен кешіктірмей сапалы етіп аяқтауды және мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына құрылысын жұмыстарын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.










