• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 31 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі жастармен еркін форматта кездесу өткізді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Жастар форумы-2025» шарасы аясында аудан жастарымен жылды қорытындылауға арналған еркін форматтағы ашық кездесу өткізді. Кездесу басталмас бұрын аудан әкімі мен қонақтар жас кәсіпкерлердің қолдан жасалған бұйымдарынан, кондитерлік өнімдерінен жасалған көрмелерін және жасанды интелект бойынша әзірлеген жобаларын тамашалады,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

06.12.2025
in Қоғам, Білім
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Руханият орталығында өткен кездесуге аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры, халықаралық, республикалық «Жайдарман» ойындарының жеңімпазы Әліби Басаров және жерлесіміз, жас ақын, «Күміс қалам-2025» республикалық жазба ақындары дуэлінің жеңімпазы Ақжол Түменбай мен дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Бұл басқосу — аудандағы әрбір салада жетістікке жетіп, оқуда озат атанып жүрген жалынды жастардың ой-пікірі тыңдалып, жаңа ұсыныстары талқыланып, ортақ мәселелердің шешімін бірге қарастыруға арналған маңызды жиын болды. Кездесуде жастар әлеуметтік, мәдени, спорттық жобалар мен басқа да жастардың бастамалары талқыланып, алдағы жылға арналған жоспарлар жайында пікір алмасты.

– Жастар – елдің ертеңі. Еліміз ертеден мемлекет келешегінің кемел, болашағының жарқын болуын үнемі жастармен байланыстырады. Осы орайда «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін», — деп қазақ зиялыларының арасында жастардың айбаты мен қайратына Мағжан Жұмабаев осылай баға берген еді. Міне, ғасырлар бұрын бабалар айтқан насихат әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпады. Бұл ұлағатты сөз бүгінде әрбір жастың жүрегіне нұр сеуіп, кеудесіне үміт сәулесін ұялатады. Бүгінгі кездесу арқылы сіздердің ой-ниеттеріңізді тыңдап, идеяларыңызды қолдауға дайын екенімізді білдіреміз. Алдағы уақытта да әрбір салада жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырып, сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастырамыз, – деді кездесуде Алмасбек ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жиын барысында аудан басшысы жастарды жұмыспен қамту, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында арнайы шараларды қолға алу, жастардың тың идеяларын жүзеге асыру мақсатында оларға қолайлы жағдай жасау және еліміздің жарқын болашағы саналатын жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әлмамбетұлы мен кездесуге арнайы қатысқан қонақтарда аудан жастарына өздерінің тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.

Кездесуде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасанды Интеллект-Болашақ кілті» жобалар байқауында үздік нәтиже көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама алған 10 жас қатысушы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқу ақысына 25%, 50% пайыздық жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алған жастар арнайы білімдік жеңілдіктер сертификаттарымен марапатталды. Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 4 жыл бойы тегін оқуға толық гранттың иегері атанған Абай атындағы №90 орта мектептің 11 сынып оқушысы Меңдуахас Нұржанға университеттің толық оқу гранты сертификаты табысталды.

Шара соңында жастар аудан әкімі мен кездесуге арнайы келген қонақтармен естелік суретке түсті.

Алдыңғы мақала

Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Келесі мақала

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі