• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан дихандарының берекелі жәрмеңкесі

Қызылорда қаласында ерекше мереке өтті. Қазақ атауының қайтарылғанына және қаланың астана болғанына 100 жыл толуына орай, сондай-ақ «Қала күні» мен «Алтын күз» шаралары аясында Сырдария ауданы дихандары өз өнімдерін ұсынған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

18.10.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жәрмеңкеде ауданның барлық ауылдарынан әкелінген таза әрі сапалы азық-түлік пен бақша өнімдері қала тұрғындарына қолжетімді бағамен сатылды. Сауда сөрелеріне 70 тонна күріш, 39 тонна жем, 47 тонна картоп, 32 тонна жуа, 11 тонна сәбіз, 22 тонна асқабақ, 1 тонна қырыққабат, 500 литр ағарған, 6 көлік шөп, 5 тонна балық, 2 тонна жылқы және сиыр еті, 56 тонна қауын-қарбыз, 0,5 тонна бал, 0,5 тонна қызылша, 0,5 тонна қызанақ пен қияр, 1,5 тонна алма, 0,7 тонна жиде жеткізілді. Барлығы 61 көлік өнім саудаға шығарылды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдермен танысты. Өңір басшысы аудан диқандарының еңбегін жоғары бағалап, олардың ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесін атап өтті.

Жәрмеңке барысында тұрғындар мен балалар үшін түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды. Арнайы балаларға арналған ойын алаңы жасақталып, қолөнер бұйымдары қойылған көрме өтті. Келушілер ұлттық нақыштағы қоланнан дайындалған шөп композицияларын тамашалады. Сонымен қатар, кишігірім концерттік бағдарлама ұсынылып, жергілікті өнерпаздар көңілді ән мен күй тарту етті.

Мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттыру үшін алтыбақан құрылып, жастар мен балалар ұлттық ойындарға белсене қатысты. Киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсынылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары өнімдердің сапасына және баға қолжетімділігіне риза болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Мұндай жәрмеңкелер жергілікті өнім өндірушілерге өз тауарларын кеңінен таныстыруға, ал тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді азық-түлік алуға мүмкіндік берді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Келесі мақала

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі