• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Білім мен тәрбие берудегі мәселелер талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы театрда, «Оқушылар сарайында», С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

12.12.2024
in Қоғам, Білім
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосулар салалық министрлік өкілдерінің, облыстық білім басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорларының қатысуымен өтті. Сондай-ақ, жиынға басқа өңірлерден келген білім саласының басшылары да қатысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәжілісті жүргізіп, атқарылған жұмыстар туралы айтты.

​ — Бүгін білім мен тәрбиеге қатысты еліміздегі жаңа бастамаларды, тың жобаларды талқылауға бас қостық. Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен аймақта жаңа білім нысандары көптеп салынып, ел игілігіне берілуде. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, «Шығармашылық-инновациялық орталық», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Қазан айында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы алғашқы 900 орындық  мектепті табыстадық. Қазіргі таңда тағы 9 мектептің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 4 мектеп іске қосылады. «Адал адам. Адал еңбек. Адал қоғам» қағидаты негізінде еңбек адамын құрметтеу, жастарымыздың жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын арттыру, сапалы және қолжетімді, заманауи техникалық, кәсіптік білім беру бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз. Өңірдегі 28 колледж 97 мамандық пен 158 біліктілік бойынша еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлайды»,– деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЫЛСЫНЫҢ ӘКІМІ.

Кездесуде Тамара Дүйсенова әлеуметтік саладағы ауқымды жобаларға тоқталып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады, алдағы жұмыстар бағытын айқындады. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту департаментінің директоры Манара Адамова, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов, «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов, басқа да қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, биылдан бастап Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Облыстағы 12 шағын жинақты білім ошағын «Тірек мектептер» жобасына енгізу үшін 3 мектеп бекітілді. Бұл ретте «Қазақстан халқына» қорының «Білім беруді тұрақты дамыту» қорымен бірлесіп, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде 2022-2024 жылдары 6 мектеп 1,5 млрд теңгеге қайта жабдықталды. Алдағы жылға 2 мектепке сұраныс берілді. Қазір атқаратын жұмыстар жүйеленуде.

Алдыңғы мақала

Сыр өңірінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жоғарғы деңгейде жүзеге асырып келеді

Келесі мақала

Премьер-министрдің орынбасары спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі