• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 1 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда еңбек адамдары марапат төрінен көрінді

Бүгін Қазалыда қыркүйек айының екінші жексенбісі – Еңбек күніне орай мерекелік шара өтіп, еңбек адамдары марапат төрінен көрінді, -деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

03.10.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Руханият орталығының алдында өткен «Адал азамат – еңбектің үлгісі» атты салтанатты шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, еңбек майданында адал қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген еңбек адамдарын мерекемен құттықтады.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын. Ұлтымыздың ұлы мұраты жолында адал ісімен еңбек майданында қаншама ата-бабаларымыз тер төкті. Олардың арасынан Сыр өңірінен 102 Социалистік Еңбек Ері шықса, 5-еуі Қазалы ауданының еңбеккерлері. Бүгінде солардың бірі Лақалы ауылында тұратын Социалистік Еңбек ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаев ақсақал біздің ортамызда. Еңбегін ел құрметтеген азаматтарымыздың есімі мен еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа үлкен үлгі. Бүгінде ауданымызда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен, елге жанашыр азаматтардың ауызбіршілігінің арқасында аудан орталығы мен ауыл-аймақтарда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жылдың басынан бері ауданда Теміржол вокзалының алдындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері мен баба кесенесінің аумағы, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңдар, Қазалы мәдени-демалыс кешені сынды орындар абаттандырылып, бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды. Әрине, мұның барлығы қарапайым еңбек адамдарының елдің игілігі үшін жасаған жұмыстарының нәтижесі. Осындай үлкен жұмыстарды атқарған қарапайым еңбек адамдарын бағалау, дәріптеу – біздің басты міндеттеріміздің бірі! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ауданымыздың, аймағымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін, — деді аудан әкімі.

Мерекелік шарада өз кәсібін адал жасап, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталса, қарапайым еңбек адамдарына шипажайға жолдамалар берілді.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсына қатысып, «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша екінші орынға ие болған Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне берілген жаңа техникалардың кілті табысталды.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары еңбек адамдарына арнап әсем әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті

Келесі мақала

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі