• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Еңбек заңнамасының орындалуы тұрақты бақылауда

Аймағымызда еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.08.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл 305 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, жалақы қарызы толық өтелген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов мәлімдеді.

— Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жыл басынан бері еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Атап айтқанда, 7 айда 147 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 171 заңбұзушылық анықталды. Бұл деректер бойынша жұмыс берушілерге 120 нұсқама беріліп, олардың 91,6 пайызы орындалды. Сонымен қатар еңбек заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты 29 әкімшілік іс қозғалып, белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 305 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Бұл жалақының кешіктірілуі, еңбек шарттарының рәсімделмеуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимінің бұзылуы сияқты мәселелерді қамтиды. Жалақы қарыздары да дер кезінде өтеліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері департаментке жеке және заңды тұлғалардан 1 226 өтініш түсіп, барлығы заңнамаға сәйкес қаралды. Оның ішінде 393 өтініш қанағаттандырылып, 321 өтініш басқа органдарға жолданды. Бұл өтініштер азаматтардың еңбек саласындағы құқықтық сауаттылығы артқанын және инспекторларға деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Одан бөлек еңбек тәуекелдер картасында облыс бойынша 52 кәсіпорын жоғары тәуекел аймағында тұр. Осыған байланысты арнайы іс-қимыл жоспары қабылданып, барлық аудандарда кездесулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Біздің басты мақсатымыз — еңбек дауларының алдын алу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру,- деді Бектемір Ұлыбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Келесі мақала

«Тазалықты сақта – болашақты қорға» экологиялық қоқыс жинау сайысы өтті

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі