Облыстық полиция департаменті адам өлімі бойынша қылмстық іс қозғалғанын мәлімеді.
“Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Күдіктінің жеке басы жедел анықталды. Қазір оны тез арада ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысын полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алды.
Көп ұзамай полиция жасөспірімді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.
“Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетпек болған, алайда ол ізін суытпай ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
фото: aikyn.kz









