• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Этносаралық келісім – ел бірлігінің негізі

Қоғамның тұрақтылығы мен ел дамуының басты шарты – этносаралық келісім мен бірліктің нығаюы, -деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

02.08.2025
in Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді қызмет етіп келеді. Аталған құрылымның негізгі миссиясы – түрлі этнос өкілдерінің өзара татулығын қамтамасыз етіп, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау екендігі баршаға мәлім.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов аймақтағы этномәдени бірлестік жетекшілерімен жүздесті. Достық үйінде өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.

Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары — облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Артур Қамбаров өңірдегі этносаралық қатынастар саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Жиында Марат Алмасұлы Қызылорда облысындағы бірлік пен келісім саласындағы жұмыстарға оң бағасын беріп, Президенттің ҚХА-ның 34-сессиясында берген тапсырмаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына биыл 30 жыл. Осы уақыт ішінде Ассамблея бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық татулықтың алтын көпіріне айналды. Қоғамдағы әр азаматтың үнін естіп, этностардың құндылықтарын дәріптеуде маңызды жұмыс атқарып келеді, – деді Марат Алмасұлы.

Сонымен қатар, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы аудандық Ассамблея хатшылықтарының құрылуы, Ақтау қаласында өтетін этномедиаторлардың форумы мен Өскемен қаласындағы ҚХА конгресі және Астана қаласындағы ҚХА академиясы туралы атап өтті.

Өз кезегінде Мейрамбек Зинабдинұлы қатысушыларға ерекше алғысын айтып, Ассамблеяның ел бірлігін сақтау жолындағы рөліне ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдау мен ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау — барша қазақстандықтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Кездесу барысында облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрмұрат Ерманов пен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, этносаралық татулықты одан әрі дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.

Алдыңғы мақала

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

Келесі мақала

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі