• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады.

23.06.2025
in Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, аталған көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақстанды қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әрбір еуропалық мемлекетпен жеке екіжақты шарттар жасасу қажеттілігінен босатады.

Айта кету керек, Қазақстан осы Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қадамдар жасап келеді, алайда бұрынғы өтінімдер Еуропа Кеңесіне мүше кейбір мемлекеттердің қарсылықтарына байланысты үнемі қабылданбаған.

Мұндай шақыртуды алу Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Фото:depositphoto

Алдыңғы мақала

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері құрметке бөленді

Келесі мақала

Елімізде зейнетақы, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер көбейеді

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі