• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Инвестициялық жобалар мен мемлекеттік қолдау механизмдері таныстырылды

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбеновке өңірге инвестиция тарту механизмдерін таныстырды, - деп хабарлайды "PostScript.kz"ақпараттық агенттігі.

07.07.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары
Ардақ Зебешев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбеновке өңірге инвестиция тарту механизмдерін таныстырды, — деп хабарлайды «PostScript.kz»ақпараттық агенттігі

Жиынға “Аманат” партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және сала басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

“Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – инвестициялық ахуалды жақсарту арқылы отандық және шетелдік инвестиция тарту.
Бұған мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау бар. Өңірімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Оған дәлел, соңғы 4 жылда инвестиция көрсеткіші жыл сайын өсімді көрсетуде.
Өңірге 2025 жылы 631 млрд. 400 млн. теңге инвестиция тарту межесі бекітілді. Өткен 5 айдың қорытындысымен 229 млрд. 800 млн. теңге тартылып, өсім 27,1 пайызды құрады. Жеке инвестиция үлесі — 70 пайыз. Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2025-2028 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 89 инвестициялық жоба іске асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Биыл 302 млрд. 500 млн. теңгеге 27 жобаның іске қосылуы жоспарланған”,- деді Ардақ Зебешев.

Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасы және Үкіметтің қолдауымен «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды. АЭА Қызылорда халықаралық әуежайы маңында орналасқан, жалпы аумағы 550 гектар, 25 жыл, яғни 2049 жылға дейін жұмыс істейді. Құрылымында үш ішкі сектор қарастырылған: авиацияға қызмет көрсету аймағы – 50 гектар, көтерме-бөлшек сауда және қоймалау аймағы – 100 гектар, өнеркәсіптік аймақ – 400 гектар.
Құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар және инновациялар салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Жалпы 22 экономикалық қызмет түрі айқындалған.
Қазіргі таңда облыс әкімдігі АЭА аумағын сапалы инвестициялық жобалармен толықтыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Маусым айында Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» форумы аясында облыс делегациясы мен Қытай компаниялары арасында жалпы құны 30,5 млрд теңге болатын төрт меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, су есептеу құрылғыларын өндіру, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау және шығару, кальциленген силикатты тақтайшалар өндіру, жылыжай кешенін салу.
Бұл жобалардың үшеуі «Қорқыт Ата» АЭА аумағында жүзеге асырылады, ал бір жоба дайын өндірістік ғимаратты қажет етеді. Осыған байланысты, облыс әкімдігі «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, стандартқа сай шағын өнеркәсіптік аймақтар салуды жоспарлаған. Бұл бастама инвесторлардың жедел орналасуына мүмкіндік береді. Жобаға «БНК Груп» компаниясы қызығушылық танытуда.
PS. АЭА резиденттеріне барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер телімдері ұсынылады. Мұнан бөлек, аймақта орналасқан кәсіпорындар үшін салық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, кедендік баждар, жер және мүлік салығынан, жер пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін квотасыз және рұқсатсыз тартуға мүмкіндік беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Домбыра — дастан»: Қызылордалықтар ұлттық домбыра күнін ерекше атап өтті

Келесі мақала

Аймақ басшысы БҰҰ өкілі Саранго Раднарагчамен кездесті

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі