• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 22 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жахановтың қатысуымен ауданда жаңару мен жаңғырудың бастауы, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі ерекше салтанатпен атап өтілді, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

22.03.2026
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелген мерекелік шараға аудан әкімі Мажит Самитов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және аудан тұрғындары қатысты.

Орталық алаңда қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жұртшылық мерекенің сәніне айналған қазақтың ұлттық тағамдарынан, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты.

Игі шараға арнайы қатысқан Бахыт Дүйсенұлы кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ұлттық дәстүрлер дәріптелген көріністерге куә болды.

Мерекелік бағдарлама «Ұлы даланың Ұлы күні» атты театрландырылған прологпен басталды. Шараның ашылу салтанатында жиналған жұртшылыққа аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының Наурыз мерекесімен құттықтауы жеткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аға буын өкілдері мен бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының ең жоғары марапаты — Құрмет грамотасы мен аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар, аудан әкімі Мажит Самитов түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды Алғыс хатымен марапаттады.

Ұлыс ұлы күніне арналған шара қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа мен жастардың сүйікті орындаушысына айналған Арман Сейітжаппаровтың және жергілікті өнер иелерінің ән шашуымен жалғасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

#Жаңақорған

Алдыңғы мақала

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті
Саясат

Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті

0

Ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелген мерекелік шараға аудан әкімі Мажит Самитов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және аудан...

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорған ауданында “Ұлы дала ұлағаты — әз Наурыз” атты мерекелік шара өтті
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі