• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Жедел ішек инфекцияларынан сақ болу маңызды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықова мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шарипа Алиева жедел ішек ауруының инфециясының алдын алуткеректігін жеткізді, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақаэпарат агенттігі

27.06.2025
in Денсаулық
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жаздың келуімен жедел ішек инфекцияларының таралу қаупі күшейеді. Әсіресе дұрыс сақталмаған тағамдар мен жуылмаған көкөніс-жемістер арқылы ауру жұғуы мүмкін. Мамандар жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, қауіпсіз сауда орындарынан ғана өнім сатып алу және тамақтану барысында мұқият болу қажет екенін ескертеді.

— Жаз мезгілі — табиғаттың жаңарып, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері молаятын кезең. Осындай уақытта тамақ өнімдерін дұрыс тұтыну мен санитариялық талаптарды сақтау өзекті бола түседі. Ауа райының жылынуы тағам өнімдерінің сақталу жағдайына, әсіресе көкөніс пен жемістердің сапасына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қызылорда облысында қазіргі таңда жедел ішек инфекциялары бойынша жағдай тұрақты. Анықталған жағдайларды зерделеу барысында көбінесе дұрыс сақталмаған немесе үй жағдайында дайындалған тағам өнімдерін тұтыну, жеке тазалық шараларына жеткілікті көңіл бөлмеу сияқты жайттар кездесетіні байқалды. Сонымен қатар көктем және жаз мезгілінде ерте піскен бақша өнімдерін мөлшерден тыс тұтыну да ағзаға жайсыздық тудыратыны белгілі болды. Жалпы, осы кезеңде азық-түліктің сапасына, жеміс-жидек пен көкөністің тазалығына мән беру, су көздерінің тазалығын қадағалау және тұрмыста санитариялық талаптарды сақтау маңызды. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі өз тарапынан қауіпсіз өнімдерге тұрақты бақылау жүргізуде. Сауда орындарынан сатып алынған өнімдердің сапасы мен талаптарға сәйкестігі зертханалық тұрғыда тексеріліп, қажетті шаралар қабылданып жатыр. Біздің мақсат — халықтың сапалы әрі қауіпсіз өнім тұтынуына жағдай жасау және тұрғындар денсаулығын қорғау. Баршаңызды санитариялық талаптарды сақтауға және күнделікті өмірде тазалық мәдениетін ұстануға шақырамын,-деді Гүлмира Жамбылқызы.

— Жедел ішек инфекциялары — әсіресе жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Бұл дерттің негізгі белгілері — дене қызуының көтерілуі, іш өту, құсу және жалпы әлсіздік. Мұндай жағдайда науқас міндетті түрде дәрігерге жүгініп, уақытылы медициналық көмек алуы қажет. Өзін-өзі емдеуге жол бермеу керек. Біздің ауруханаға жедел ішек инфекциясының белгілерімен түсетін науқастардың басым бөлігі — балалар. Әсіресе жазғы мезгілде олар көбірек бақша өнімдерін, жеміс-жидек пен балмұздақ сияқты тағамдарды жиі тұтынады. Кей жағдайларда дұрыс жуылмаған немесе дұрыс сақталмаған тағам өнімдері аурудың себебіне айналып жатады. Жедел ішек инфекциясының алдын алудың ең маңызды жолы — қарапайым тазалық ережелерін сақтау. Әсіресе балалар арасында жеке бас гигиенасын қалыптастыру, қолды жиі жуу және дұрыс тамақтану мәдениетін үйрету маңызды. Медициналық мекемелерде науқастарға тиісті емдік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда қажетті дәрі-дәрмек пен орын жеткілікті. Біздің міндетіміз — ауруды емдеумен қатар, оның алдын алуға да баса мән беру. Сондықтан баршаңызды санитариялық-гигиеналық талаптарды орындауға, таза тағам тұтынуға және денсаулыққа мұқият болуға шақырамыз,-деді Шарипа Жақсылыққызы.

Алдыңғы мақала

Су шаруашылығының мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Ер адам экс әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі