• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 31 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

«Арқа сүйер азаматым жоқ! Абылайым жоқ!»-Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

Белгілі тележүргізуші, сазгер, композитор марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы жолдасы мен баласының жұмбақ өліміне қатысты шындықты айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Бұл туралы ол  “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында айтты,  - деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.11.2025
in Оқиғалар, Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Марқұмның әйелі жолдасының неден қайтыс болғанын айтып берді.

«Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соқты, зауытқа тез жетуімді сұранды.Не боп қалды деп едім, тез жетіңіз жедел-жәрдем келе жатыр деді. Зауытқа жеткенде жедел-жәрдем тұр екен. Ұлым екеуміз фельдшерлермен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Сол кезде Арманның бетіп жауып тастаған екен. Не болды деп сұрағанда, жүрегі тоқтап қалған деді. Ешқандай жертөледе болмаған, зауыттың аумағындағы екі қабатты ғимарат», – деді Айсұлу Айданқызы.

Айсұлу Айданқызының сөзінше марқұм жолдасының зауытта неге жүргенін өзі де білмеген. Ал оған қоңырау соқты деген Калелхан Иманмәди – кәсіпкер, әнші Индира Елеместің бұрынғы жолдасы.

Сондай-ақ  марқұмның әйелі ұлыныңда өліміне қатысты тың деректерді айтып берді.

“2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлым Абылай Дүйсеннің пәтерімізде екі қолы байлаулы, аяғы жерде тұрған өлі денесі табылды. Көптеген дерек анықталса да бұл іске қатысты тергеу әлі нақты шешімге келген жоқ, Екі қолы артына байланған адамның өзіне қол жұмсауы мүмкін бе?” – деді ол.

Оның сөзінше Алматы қаласының соты әділетсіз шешім шығарған.

Сонымен қатар Бостандық аудандық полициясы дәлелді жауап бермеген.

“2025 жылдың 24 қазанында Бостандық аудандық соты менің пәтеріме қатысты әділетсіз шешім шығарып, 13 жастағы ұлым және 83 жастағы қарт әкем және мен тұрып жатқан пәтерімізден шығуымыз туралы заңға қайшы шешім шығарды. Ал пәтер үшін дауласқан тұлға Мұқаш Санжар ұлым Абылайдың өліміне байланысты жүргізіліп жатқан тергеу барысында “мен Абылайға тек қарыз ақша бергенмін. Пәтерді кепіл етіп алдым” деп анық көрсеткен. Осы туралы тергеу сотының 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі қаулыларында бекітілген. Демек, сот сатып алу келісімшартын жарамсыз деп тануы тиіс еді. Марқұм Абылай мен Санжар Мұқаштың екеуара whatsapp-тарында соңғы тек 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен бергені расталды”, – дейді Айсұлы Айданқызы.

Сұхбат барысында композитордың жары Мемлекет басшысынан көмек сұрады.

Арқа сүйер азаматым жоқ! Абылайым жоқ! Баратын жерім жоқ!“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызымын. Сіздің Алматы қаласы сотының әділетсіз шешіміне назар аударуыңызды өтініп сұраймын, — деді марқұмның жары.

Алдыңғы мақала

Мәжілісте тазалық мәселесі қаралды

Келесі мақала

Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
Саясат

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды
Құқық

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
Қоғам

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі