• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте трансшекаралық хабтарды дамыту мен қалдықтарды қайта өңдеу және аудандағы кәсіпкерлік саласын дамыту мен басқа да күн тәртібінен бөлек бірқатар маңызды мәселелер қаралды,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.11.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автодәлізінің 129 шақырымы Қазалы ауданының аумағынан өтеді. Дәліз Қазалы ауданының транзиттік маңыздылығын арттыруымен қоса, агро және индустриялық өнімдерді экспортқа шығару мен шағын және орта бизнеске жаңа нарықтар ашуда. Осы ретте, аудан әкімі аудан көлемінде өтетін автодәліздің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы аудан экономикасын әртараптандырып, автодәліздің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту керектігін айтты. Соған сәйкес, жауапты орынбасары мен тиісті сала басшысына іс-шаралар жоспары мен осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ жұмыс жоспарына сәйкес, аудан аумағынан өтетін автодәліз бойын аралап көріп, жол бойында орналасқан қызмет көрсету орындарын, жол бойындағы нысандардың тазалық жұмыстарын өзі көріп шығатынын ескертті.

Ал, мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе — қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары бойынша ауданда басталған жобаларды тезірек нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды. Бұл арқылы экологиялық жүктемені азайтып, қоқыс полигонына қажеттілікті төмендету, заңсыз полигондарды жоюға үлкен септігін тигізетінін айтты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелерден кейін, кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесі қаралып, ондағы көрсеткіштерді жоғарылату, кәсіпкерлік нысандардың аумағы мен сыртқы келбетінің абаттандырылуы, тазалығына байланысты тиісті сала басшыларына мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне қатаң тапсырмалар жүктелді. Бұдан бөлек, ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша да жыл қорытындысымен барлық сала бойынша оң динамика қалыптастыру, жұмыстарға бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Жиында аудан әкімі мерзімді әскерге шақыру мәселесіне байланысты да сөз қозғап, жауаптылар мен барлық әкімдерге белгіленген межені толық орындап шығуды ескертті. Жиын соңында Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған тазалық акциясы аясындағы жұмыстарға байланысты аудан аумағындағы бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, тазалықа байланысты жауаптыларға қатаң ескертулер жасады. Сөз соңында мәжілісте қаралған әрбір мәселе өзекті екенін айтып, берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамағандарға заңдылыққа сәйкес қатаң шара қабылданатындығын ескертті.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 3 жоба жүзеге асуда

Келесі мақала

Сырдария ауданында рейд жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі