• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 16 маусым, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов пен Абзал Құспан Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты.

16.06.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Халық қалаулылары алдымен қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің жұмысын көрді. Мұнан соң сол жағалауда жаңадан бой көтерген 11 мың орындық жаңа заманауи үлгідегі стадионның құрылысымен танысып, жаңадан ашылған облыстық тарихи — өлкетану мұражайы, Оқушылар сарайы, Физика – математика бағытындағы мектеп – интернаты, Үстел теннисі орталығы, Қазанғап атындағы музыкалық колледж және «Сыр жұлдыздары» инновациялық — шығармашылық академиясының жұмысын көрді.

Нысандарға тоқталып өтсек, 6 гектарға жуық аумақты қамтитын қалалық демалыс паркін қайта жөндеу жұмыстарына 6,3 млрд.бөлінген. Мұнда жаңа аттракциондар қойылып халықтың демалуына жбарлық жағдай жасалған. Стадионға келсек, жаңа спорт нысаны тек футбол алаңымен шектелмейді. Мұнда бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және фитнеске арналған арнайы залдар қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ал, қасиетті Сыр өңірінің баға жетпес тарихи-мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау мақсатындағы жаңа музей сандық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталған. Музейдің 85 жылдық тарихында алғаш рет типтік ғимарат қор сақтау қоймаларымен жабдықталған. Қазіргі уақытта музей қорында 67 613 экспонат сақталған. Музейдің жаңа экспозицияларында аймақтың флорасы мен фаунасы, палеонтология, археология және этнография, Қызылорда облысының экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы көрсетіледі.
11 залдан тұратын мұражайдың тақырыптық құрылымы, жабдықтары мен безендірілуі жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, 3D модельде жасалған.

350 орынға арналған Оқушылар сарайы заманауи үлгіде бой көтерген. Көп функционалды кешенде техноорталық, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары бар. Оқушылар экологиялық зертхана, жылыжай, телестудия және шығармашылық үйірмелерінде де білімдерін жетілдіруде. Ал, үстел теннисі орталығын салуға облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге және «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 млн теңге қаржы бөлінген. Орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 31 қызметкер жұмыс жасауда.

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне зор үлес қосып келеді. Бүгінге дейін оқу орны талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта қиындықтарға қарамастан жастарға білім беріп, өнерге баулыған. Жаңа ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған. Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар.
Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекеннен келген жас өрендерді қабылдауға дайын.

«Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Әрбір әлеуметтік нысанның құрылысын көріп, жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаттары өңірдегі атқарылып жатқан ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

 

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

Келесі мақала

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті

Оқи отырыңыз

Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды
Оқиғалар

Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды

Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі
Қоғам

Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті
Қоғам

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады
Қоғам

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

Облыста “Отбасы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

SOUNDTRACK CONCERT: Облыстық филармонияның маусымдық жабылу концерті өтті

«Ауыр әрі қатыгез шабуыл жасалған»- Ақмарал Әлназарова

Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Өзекті жаңалықтар

Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды
Оқиғалар

Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды

0

Қайғылы оқиға 13 маусым күні Бірлік шағын ауданында болды. «Екі жасар бала шемішкеге қақалып көз жұмды. Осы...

Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі

Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті

AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Екі жасар сәби шемішкеге қақалып көз жұмды
  • Облыс бойынша 193,7 мың гектар жерге егін егіледі
  • AMANAT: Фракция мүшелері тұрғындармен кездесті
  • Мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты
  • Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады
  • Облыста “Отбасы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

Для заполнения данной формы включите JavaScript в браузере.
*
Загрузка

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі