-Биыл аудан бойынша 17 445 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде күріштің көлемі 5 636 гектар. Бүгінде аудан бойынша егін жинау жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатыр. Басты міндет ел ризығын ысырапсыз, шашпай-төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай және малға жегізбей, қамбаны астыққа толтыру. Осыған байланысты егісті уақытылы жинауға қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігін толық пайдалану арқылы егінді мерзімінен кешіктірмей жинау керек. Сонымен қатар су тапшылығы жыл сайын үдемесе, көбейіп жатқан жоқ. Сондықтан біз осы кезден бастап егінді әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, жаңа технологиялар мен заманауи әдістер арқылы суды аз тұтынатын дақылдарға басымдық беруіміз керек, — деді Мұрат Байғабылұлы.
Мәжілісте аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысына тиісті ауылдық округ әкімдері және шаруашылық басшыларымен бірлесіп егін жинау науқанын жеделдету жөнінде тапсырма берілді.
Мәжіліс соңында егін жинау науқанынан бөлек қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарыда пысықталып, тиісті сала басшыларына жылу беру маусымын ешқандай кемшіліксіз өткізуге байланысты тапсырмалар жүктелді.









