• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәжілісте есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданда 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер талқыланды. Бұл бойынша аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы хабарлама жасап, әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігіі

09.10.2025
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аппарат мәжілісінде аудан әкімі құрылыс, ауыл шаруашылығы, экономика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары және кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және құжаттамалық қамтамасыз етілуі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепте кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды, қол жеткізген көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, әрбір сала бойынша жауаптыларға көрсеткіштерді көтеру бағытында қажетті жұмыстарды ұйымдастыруды қатаң тапсырды. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер мен жоспарлы индикаторлардың орындалуына, қаржының мерзімінде игерілуіне де нақты талдау жұмыстарын жүргізу керектігін де атап өтті. Сонымен қатар әрбір саладағы төмен нәтижелі көрсеткіштер бойынша жауаптыларды қатаң сынға алып, ескерту жасап, сыннан нәтиже шығаруды қадап айтты.

Мәжілісте аудан басшысы алдағы жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу мәселесіне жіті тоқталып өтті. Бұған байланысты аудан орталығы — Әйтеке би кентінде орналасқан 101 көп қабатты тұрғын үй мен аудандағы барлық өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылумен тұрақты қамтамасыз етілуін ескертіп, бұған қатысты ешқандай проблемалық мәселе туындамау қажеттігі жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мұнан бөлек ауа райының қолайлы шағында егін жинау жұмыстарында жеделдету керектігін айтты. Биыл аудан бойынша 17 445 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде 5636 гектары күріш дақылы. Бүгінде күріштің 4162 гектары ораққа түсіп, 3472 гектары бастырылған. Ауданда күріш ору жұмыстарын қазан айының 10-на және бастыру жұмыстарын 17-не аяқтау жоспарланып отыр.

Мәжіліс соңында барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына келер аптада Қызылорда қаласында өтетін «Алтын дән-2025» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде тапсырма беріп, ауданның абыройы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Жиында тұрғындарды сапалы және үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен жол құрылысы жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау, жасөспірімдер арасында түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу, кент, қала және ауылдық округтердің санитарлық-тазалығын қамтамасыз ету сынды және басқа да өзекті мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданының әкімі мәжіліс өткізді

Келесі мақала

Меморандум — ынтымақтастықтың маңызды құжаты

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі