Жан Ахмадиветің айтуынша, «Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған әнші Ғалымжан Сүлеймен хабарласқан.
«Ол осы топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін жеткізді. Оның айтуына қарағанда, Мұқасан бірнеше адаммен қосылып алып, оны аяусыз соққыға жығыпты. Соның салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақаттарын алып, тіпті мұрны мен қолы сынған. Қазір ол Шахзадаев жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдауда», — деп жазба жариялады қоғам белсендісі.
фото: “PostScript.kz” коллаж









