Басқосу барысында ауыл еңбеккерлері тарапынан егінге жіберілетін судың жеткіліксіздігі және өсірілген өнімнің сатылмай қалуы секілді өзекті мәселелер көтерілді. Сенат депутаттары бұл жағдайларды назарға алып, тиісті министрліктер мен мекемелер деңгейінде қаралатынын жеткізді.
«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі тірегі. Диқандардың мәселесі – мемлекеттің де мәселесі. Судың жетіспеушілігі мен өнімнің сатылмай қалуы – жүйелі шешімді қажет ететін түйткілдер. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады», – деді Сенат депутаты Руслан Рүстемов.