• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 21 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті

Құрылысшы күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.08.2025
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік наградалар жүйесіне алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы енгізілді.

«Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы еңбек адамының беделін арттыруды көздейді. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін атап көрсетті. Бұл – сіздердің еңбектеріңізді мемлекеттік деңгейде бағалау мен нақты  қолдаудың шынайы көрінісі.

Үкімет тарапынан алдағы уақытта да отандық құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қажетті инфрақұрылымды дамытуға және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға басымдық беріледі. Біз жаңа технологияларды енгізу және кәсіби стандарттарды жетілдіруге жағдай жасауды жалғастырамыз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сөз барысында Премьер-министр елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі құрылыс секторының маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-дегі саланың үлесі 6%-ға жетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 19 млн м2 астам, оның ішінде 170 мыңнан астам тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында – 120-дан астам мектеп пен балабақша, 30 денсаулық сақтау нысаны салынды. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың басынан бері 18%-ға өсті.

Президент қойған құрылыс үдерістерін жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде цифрлық шешімдерді енгізу, бюрократиялық кедергілерді жою және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі өзекті тәсілдерді көрсететін жаңа құрылыс кодексі әзірленді.

💬 Жиында марапатталғандардың атынан құрылыс саласының ардагер Қайсар Омаров пен «СAPITAL GROUP ST» ЖШС инженері Бауыржан Махан сөз сөйледі. Құрылыс секторының қызметкерлері Мемлекет басшысына олардың еңбегін жоғары бағалап, жұмысшы мамандықтарын дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

«Келе жатқан мереке қарсаңында Мемлекет басшысына «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы қайтадан мемлекеттік наградаға айналғаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл бізге, құрылысшыларға деген ерекше құрмет»,

— деп атап өтті құрылыс саласының ардагері Қайсар Омаров.

«Бүгінде құрылыс саласын дамыту — Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтардың бірі. Президенттің қолдауының арқасында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды дамып келеді. Көрсеткіштердің артында тек статистика ғана емес, әрбір кірпішке салынған орасан зор еңбек тұр»,

— деп толықтырды «СAPITAL GROUP ST» ЖШС инженері Бауыржан Махан.

Құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Олжас Бектенов үздік қызметкерлерге Президент атынан марапаттар табыс етті.

@KZgovernment

Алдыңғы мақала

“AMANAT”: Фракция мүшесі азаматтардың өтініштерін тыңдады

Келесі мақала

Спорт саласын дамыту мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі