• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Пробация қызметкерінің бір күні

«Погонды журналист» жобасы аясында Қызылорда қалалық пробация қызметінің бір күндік жұмысымен танысып қайтуды жөн көрдім. Бір күнге нысанды киім киіп, пробация инспекторының жауапты да күрделі қызметін өз көзіммен көріп, олардың күнделікті атқаратын міндеттерінің оңай емес екеніне көз жеткіздім.

19.11.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қалалық пробация қызметінде бүгінде 20 қызметкер еңбек етеді. Олар — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, психологиялық, құқықтық көмектер көрсетеді.. Бұл жерде қызметтің әр минуты — жауапкершілік пен қырағылықты талап етеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ге жуық сотталған азамат тіркелген. Олардың қатарында әртүрлі қылмыс жасаған ер-азаматтар, әйелдер, тіпті кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер де бар. Жасы келген зейнеткерлер де, көпбалалы аналар да, бесіктен белі шықпай жатып қателікке бой алдырған жастар да сот үкімімен пробация есебіне алынған.
Бір күндік жұмыс барысында пробация қызметкерлерінің қабылдауына бірге қатыстым. Пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаева жүргізген қабылдауда әр түрлі сұрақпен азаматтар келіп жатты. Солардың бірі — 30 жастағы сотталған облыс аумағынан шығып жұмыс жасауға мүмкіндік берілеме деген сұрақпен жүгінді.
Мен барған күні есептегі азаматтардың тіркелу күні екен. Есептегі азаматтар айына 2 рет тіркеуге келеді екен. Бұл күні әрбір сотталғанға пробация инспекторы қылмыстың алдын алу жөнінде профилактикалық және тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізіп, сотталған өзінің мінез-құлқы жөнінде есеп беру анықтамасын толтырады. 10 жылдан аса ҚАЖ саласында қызмет атқарып келе жатқан пробация инспекторы, әділет капитаны Жадыра Исмайловамен бірге сотталған азаматтарға тәрбиелік мәні бар түсіндірме жұмысын жүргіздім.
Сондай- ақ есептегі тұлғаларға түрлі бағытта көмектер де көрсетіледі. Тіркеуге келген бір азамат отбасылық жағдайына байланысты психологтың көмегіне мұқтаж екенін айтты. Дереу психологқа жазып, оның мәселесін тыңдауға мүмкіндік берілді. Есепке алғаш рет алынған тұлғаларға міндетті түрде психолог маман тарапынан зерделеу жүргізілетіні де түсіндірілді.
Сонымен қатар пробация инспекторлары мекенжай бойынша тексеру жұмыстарын да жиі атқарады. Қала аумағында республикалық және облыстық профилактикалық іс-шаралар тұрақты өткізіліп отырады.
Бүгінде қайта құқықбұзушылыққа бейім тұлғаларға электронды браслеттер тағылып, олардың қозғалысын бақылау жүзеге асырылуда. Бұл — қылмыстың алдын алуға бағытталған маңызды тетік. Тіркеуге келгеү азаматтың біріне электронды браслет тағылған. Әңгімелесу барысында жасаған ісіне өкінетінін, қателігін мойындайтынын айтты.
Кейбір тұлғалар бірнеше рет ескертулер алып, тәртіпке бағынбаған жағдайда олардың құжаттары сотқа жолданады. Мұндай мысалға да бір күн ішінде куә болдым.
Пробация қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Әділет капитаны Жадыра Исмайлова сотталғандармен спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатыны, психологиялық тренингтер жиі өтетінін айтты.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған пробация есебіндегі азаматтар да аз емес. Бірі ағаш цехын ашса, енді бірі мал шаруашылығымен айналысып, еңбекқорлығымен өзгеге үлгі болып жүр. Жыл басынан 10 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грнат ұтып алса, 115 адам тұрақты ақылы жұмысқа тұрғызылған,- дейді Жадыра Исмайлова.

Бір күндік пробация инспекторы ретіндегі тәжірибеде мен бұл сала қызметкерлерінің жұмысын жақыннан көрдім. Күнделікті кездесетін қиындықтарға қарамастан, олар өз міндетін адал атқарып, қоғам тыныштығына үлес қосып отыр.

Погонды журналист ретінде нысанды киім киіп, қызметке кіріскен сәттен-ақ бұл мамандықтың ер-азамат не әйел деп бөлінбейтінін, әр қызметкердің бірдей жауапкершілік арқалайтынын анық сезіндім.

Пробация қызметкерінің жұмысы — қырағылықты, сабырды, түсіністік пен адам тағдырына жауапкершілікпен қарауды талап ететін аса маңызды міндет. Бір күндік тәжірибе осы еңбектің ауырлығын да, қадірін де терең ұғындырды.

Данагул Достанова

 

Алдыңғы мақала

“Қыс-2025” командалық-штабтық оқу-жаттығудың өткізілуі талқыланды

Келесі мақала

Мәжілісте баға тұрақтылығы мен қаржы игеру мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі