Кездесуде аудан әкімі бас имаммен аудандағы діни ахуал мен мешіттердің тыныс-тіршілігі, жастарға дұрыс діни ақпарат беру, имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау сынды мәселелер сөз етті.
Аудан басшысы алдағы уақытта ауданның бас имамымен жоспарлы түрде рухани ағартушылық бағыттағы бірқатар іс-шараларды бірлесе атқаратындығын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімдігі тарапынан елдің игілігіне бағытталған игі істерге тиісті қолдау көрсетілетіндігінде жеткізді.
Өз кезегінде бас имам Нұрдаулет Асқарұлы да ізгі шараларды бірлесе атқаратынын айтып, аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.









