• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Қазалыда қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Ұлттық байқаудың үздіктерін марапаттау шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев қатысып, берекесі артқан отбасыларға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

11.09.2025
in Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

 

– Елімізде 2014 жылдан бері отбасы құндылықтарын нығайту, отбасы мәртебесін көтеру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ал биыл аталмыш байқауға ауданымызда 24 отбасы қатысты. Бұған дейін ұлттық байқаудың облыстық кезеңіне қазалылық Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл ақсақалдың әулеті «Смағұловтар» отбасы қатысып, бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңде Қазақстандағы үздік 20 отбасының қатарынан көрінген болатын. Қазалы ауданында тамыры тереңге жайылған мерейлі отбасылардың қатары аз емес. Олар бүгінде бүтін бір елдің үлгі-өнеге алар жанұясына айналған. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие берген осындай ардақты жандар қай кезде де мақтануға тұрарлық. Қазылардың шешімімен бүгінгі байқауда жеңімпаз атанған отбасыларды шын жүректен құттықтай отырып, облыстық кезеңде де үздіктер қатарынан көрінуге тілектестігімді білдіремін, – деді Жалғас Оңғарұлы.

Мұнан соң байқауға қатысқан барлық отбасылар «Берекелі отбасы», «Зияткер отбасы», «Бақытты отбасы», «Үлгілі отбасы», «Өнерлі отбасы» сынды түрлі номинациялармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Қазалы ауданы бойынша іріктеу кезеңінің қорытындысымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық кезеңінің жеңімпазы болып Құмарбаевтар отбасы (Әйтеке би кенті) танылып, бас жүлде иеленді. Өркендеулік Балтөреевтер отбасына І орын, майдакөлдік Бердалиевтер әулетіне ІІ орын, жанқожалық Жақсылықовтар отбасына ІІІ орын берілді. Байқауда бас жүлде және бірінші иегері атанған, яғни Құмарбаевтар мен Балтөреевтер отбасы Қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бүгінде Қазалы ауданында отбасыларға қамқорлық пен көмек үздіксіз көрсетіліп келеді. Ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар көлемі жыл сайын өсуде. Қазір ауданымызда 694 «Алтын алқа», 1152 «Күміс алқа» иегерлері, 3546 көпбалалы отбасы бар.

Алдыңғы мақала

Туберкулез аурушаңдығы төмендеді

Келесі мақала

Жаңа салық кодексін түсіндіру мақсатында семинар өтті

Оқи отырыңыз

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен
Білім

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»
Өнер

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Саясат

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

«Телефонына жазба қалдырған»: 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Оқиғалар

«Телефонына жазба қалдырған»: 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі