• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 1 қараша, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Бүгін Абай ауылында Қазақтың ұлы ақыны, ұлт ұстазы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Абай ауылының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты танымдық-мерейтолық шаралар өтуде,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

31.10.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерейтойлық шара аясында ауылда қазақ күресінен спорттық шара, жүгіру марафоны және «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты танымдық конференция өтіп, қонақтар ашық аспан астында ұйымдастырылған музейді тамашалады.

Ауыл күніне арналған мерейтойдың салтанатты шарасына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты ауылдың құрылғанына 85 жыл толу мерейтойымен құттықтады.

-Абай ауылы – еңбек пен бірліктің, білім мен тәрбиенің, тарих пен жаңғырудың шынайы үлгісін көрсетіп келе жатқан елді мекен. Ауыл құрылғалы бері небір кезеңдерден өтіп, әр буын өкілінің еселі еңбегімен өсіп-өркендеді. 85 жыл ішінде елді мекеннің әлеуметтік әлеуеті артып, маңызды нысандар бой көтерді. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытында жетістіктерге жетіп, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтар қатары да жыл санап артып келеді.

Президентіміздің, аймақ басшысының қолдауымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудында 3 дәрігерлік амбулатория салынса, соның бірі Абай ауылында пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауылға қарасты Жұбан елді мекенінде де жаңа медициналық бекет ашылды. Ал, өткен жылы Қазалы аудынының 95 жылдық мерейтойы аясында Абай ауылы көгілдір отынға қосылып, елді мекенде жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бүгінде ауыл көшелерінің 45 пайызы асфальтталып, 80% түнгі жарық шамдармен қамтылған. Алдағы уақытта да ауыл халқының әлеуетін арттыру мақсатында жоспарланған жұмыстар жетерлік. Қазақылықтың қаймағын бұзбай, бір-бірімен тату-тәтті, үлкен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, игі шараны ұйымдастырып жатқан барша ауыл азаматтарына шынайы алғысымды білдіремін. Қуанышты күнде баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, бірлік пен молшылық тілеймін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мерейтойлық шарада ауылдың өсіп-өркендеуіне, мерейтойлық шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан ауыл азаматтарына аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Сонымен қатар еңбек ардагері Мадина Шырайға Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.

Салтанатты шарада ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбутәліп Бердіқұлов те құттықтау сөйлеп, ауыл күнін өткізуге атсалысқан абайлықтар мен аудан басшыларына алғысын жеткізді.

Мерейтойлық бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мен қонақтар қол күрес, арқан тартыс, гір тасы мен қой көтеруден өткен сайыстарды тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шара түстен кейін ауылдық клубта «Абай ауылы Абайша сөйлейді» атты танымдық-тәрбиелік кешпен және кешке орталық саябақта аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасады.

Айта кетейік, Абай ауылының құрылғанына 85 жыл толуына орай өткізіліп жатқан мерейтойлық шара ертең ауылдың атшабарында ат бәйгесіне ұласпақ.

 

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Келесі мақала

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Оқи отырыңыз

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
Мәдениет

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті
Қоғам

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
Қоғам

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды
Қоғам

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Қазалыда сала қызметкерлерінің үздіктері марапат төрінен көрінді

Студенттер мен оқушылар есірткіге қарсы бейнероликтер байқауына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Өзекті жаңалықтар

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
Мәдениет

Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді

0

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер...

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Сырдарияда кітапханашыларға құрмет көрсетілді
  • Сырдарияда «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті
  • Қазалыда «Адамзаттың Абайы атындағы ауыл» атты шара өтті
  • Қазалы ауданының кәсіпкерлері алғысқа бөленді
  • Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі