• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

Қазалыда әнші Галя Оспанды еске алуға арналған шара өтті

Бүгін Қазалыда Қазақстан Республикасының мәдениет саласының Үздігі, сахна саңлағы, халықтың сүйікті әншісі болған Галя Оспанды еске алуға арналған «Өнерімен өрілген өмірі» атты еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

26.09.2025
in Өнер, Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен мәдени шараға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов қатысып, қайталанбас өнер иесінің өмір жолы мен ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті.

— Саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын ауданымыздың мәдениет саласының дамуына арнаған Галя Оспанды еңбегі, шығармашылығы бүгінгі жас буынға үлкен мұра болып қалды. Апайымыздың алғашқы өнер жолындағы өзінің орындаған «Ақбұлақ», халық әні «Дедімай-ау», «Дударай» әндері әлі күнге дейін тыңдармандардың жүрегінде жаңғырып тұр. Галя Оспанқызының өнер жолында әншілік қабілеттен бөлек, бірнеше фильмдерге түсіп, ерекше шеберлігімен таныла білді. Сонымен бірге аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Өнеге» әжелер ансамблінің жетекшісі ретінде де өнерлі әжелермен бірге талай шыңдарды бағындарды. Галя апайымыздың өнер жолындағы көп жылғы еңбегі бағаланып, 2013 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрсете білген өнер иесінің есімі, оның еңбегі, шығармашылығы мәңгі халқының жүрегінде сақталады, — деді Мұрат Байғабылұлы.

«Өнерімен өрілген өмірі» атты еске алу кешінде Галя Оспанның өнер жолындағы орындаған әндері шырқалып, өнер иесінің өмірдерегінен арнайы бейнеқойылымдар мен арнайы «Өмір жолы» атты көрме көрсетілді.

Кеште сахна саңлағының туыстары, әріптестері, әншінің туған жері Бірлік ауылындағы жерлестері сөз сөйлеп, Галя Оспан жайлы жылы естеліктермен бөлісті.

Мәдени шарада өнер иесінің шырқаған «Аппағым», «Сен мені сағынбайсың ба?», «Махаббат ұшқыны», «Жүрек сыры» және өзінің жетекшілік еткен «Өнеге» әжелер ансамблінің орындауында «Көкем-ай» сынды әндер шырқалды.

Алдыңғы мақала

Рақымшылық – жаңа өмір бастауға мүмкіндік

Келесі мақала

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі