• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда “Менің Республикам Қазақстан” атты салтанатты шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күніне орай аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде сахна төріне шығарылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.10.2025
in Мәдениет, Өнер
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салатанатты шарада аудан басшысы қазалылықтарды Республика күнімен құттықтап, өңірде жыл басынан бері атқарылған және жоспарланған жұмыстар жайында айтып өтті.

— Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Еліміз Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жетті.
Бұл жолда қол жеткізген үлкен жетістіктердің барлығына да киелі Сыр елінің, оның ішінде қасиетті Қазалы ауданының қосқан үлесі зор. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының ерекше қолдауының арқасында жыл сайын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуы тұрақты түрде қамтамасыз етіліп келеді. 2025 жылы аудан бюджеті 18,9 млрд. теңгеге бекітілсе, есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 26,7 млрд. теңгеге жетті. Жыл басынан бері барлық макроэкономикалық көрсеткіштеріміз 100 пайыздан артық орындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Биылғы жылдың өзінде Жанқожа батыр ауылында «Келешек мектептер» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп, Әйтеке би кентінде «Руханият» орталығы, жаңа прокуратура ғимараты, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Руханият сквері, Орталық алаң сынды абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген нысандар аудан халқының игілігіне пайдалануға берілді. Ақтан батыр және Абай ауылдары көгілдір отынға қосылса, бүгінде Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев, елді мекендеріне газға жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл құны 1,5 млрд. теңгеге аудандағы шалғай елді мекендер Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендеріне таза ауыз су жеткізілуде. Аудандық көп бейінді орталық аурухана жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы жүргізілуде. Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпіріде қайта салынуда. Мұнан басқа да әрбір сала бойынша аудан халқының игілігіне бағытталған жұмыстар жетерлік. Баршаңызды егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтай отырып, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан қазалылықтар марапат төрінен көрінді. Алдымен аудан басшысы Қызылорда қаласында Республика күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен салатанатты шарада Мемлекет басшысының Жарлығымен РЗА-АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Имандосов «Құрмет» орденімен марапатталғанын жеткізді.

Мұнан соң ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Аманкүл Тілеу, «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің директоры Қуаныш Көмекбай, «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасымен Бірлік ауылдық округінің әкімі Өтеп-Әлі Өміртай марапатталды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Алғашбай Байкөбеков, еңбек ардагері Нұрылда Әбілдаев, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағамбетова, «Мақсатбай» шаруа қожалығының жетекшісі Темірхан Мақсатбаев және «Қазалы Су-Сервис» коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Әзім Ешмұратқа Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» табысталды.

Ауылшаруашылығы саласының ардагері Ідір Дәстен, Теміржол саласының ардагері, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев, Ардагер ұстаз, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Күлзипа Нақан және №17 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаевқа «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Салатанатты шарада Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияның қабылдануына атсалысқан сол кезеңде ауданнан депутат болған Самұрат Имандосов, Ажаркүл Алдажарова және Оңалбай Қалдыбайға облыс әкімінің «Алғыс хаты» мен Қазалы ауданының Құрмет грамоталары табысталды. Бұдан бөлек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Мерекелік шара барысында аудандағы көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.

Егемендігіміздің бастауы болған ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

“Алтын күз-2025”: Еңбек озаттары марапат төрінен көрінді

Келесі мақала

Мереке қарсаңында сырдариялықтар марапат төрінен көрінді

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі