• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 31 шілде, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет және экономика

2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

30.01.2025
in Әлеумет және экономика
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.

Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен  580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады.  Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.

Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.

Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.

Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.  Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.

Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.

АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.

Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.

Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.

Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі — «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.

Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.

Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Алдыңғы мақала

«Асхат халықпен ойнап отыр». Белгілі журналисттің бұрынғы енесі атышулы мәлімдеме жариялады

Келесі мақала

Әнші Ернар Айдар: «Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!»

Оқи отырыңыз

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді
Денсаулық

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды
Қоғам

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев
Өнер

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев

Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті 14-қабаттан секіріп кеткен

Аралда «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Газдандыру жұмыстары қарқын алуда

Өзекті жаңалықтар

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді
Денсаулық

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

0

Бұл жұқпалы емес аурулардан мезгілсіз өлімнің 25% - ға қысқаруына байланысты және осылайша осы маңызды көрсеткішке қол...

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев

Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді
  • Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді
  • Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды
  • «Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев
  • Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі