Қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері үй-жайларды аралап тексеру жұмысын жүргізуде, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, жақын маңда тұратын тұрғындар мен мүмкін болатын куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдар да тексерілуде.
«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
фото: “PostScript.kz”коллаж









