• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Құрылыс нысандарындағы жұмыстар аймақ басшысының бақылауында

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы сараланған жиналыс өтті. Оған облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, қала әкімі, жауапты сала мен құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

11.08.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы бірінші кезекте құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, нысандарды уақытылы пайдалануға беру керектігін айтты.

«Жаңадан пайдалануға берілетін нысандардың өңіріміз үшін маңызы зор. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің, 11 мың орындық жаңа стадион мен тұрғын үйлердің сапасына, мерзіміне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Құрал-жабдықтары, жан-жағының абаттандырылуы толық дайын болуы керек», -деді Н.Нәлібаев

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда
2023 жылдан бері 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Қызылорда облысында 6 мектеп ашылып, жұмысын бастады. Қалған 4 мектептің 3-еуі (Қызылорда қаласы Арай м/а 1500 орындық, Қызылжарма м/а 600 орындық және Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп) жаңа оқу жылына дейін, ал 1 мектеп (Қызылорда қаласы СПМК-70 м/а 1500 орындық мектеп) екінші тоқсанға дейін ел игілігіне табысталады деп күтілуде.
Қызылорда қаласында 11000 орынға арналған стадион қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP, 4 автобусқа арналған автотұрақ, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын және резервуар болады.
Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыратын, төрешілер, жаттықтырушылар, массаж, допингтік бақылау бөлмелері, медпункт, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан.
Ал шығыс секторы ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу, залдары, қыздырыну бөлмесімен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтар және VIP-кабинеттер бар.
Биыл Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жеке құрылыс салушылардан 3022 дайын жаңа пәтер сатып алу жоспарланған. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 136 пәтер сатып алынды.
Тамыз айының соңына дейін Сырдария өзенінің сол жағалауында «Сәт-Сервис» ЖШС салған 75 пәтерлік 1 тұрғын үйдің, «Ер-Ару и К» ЖШС салған 220 пәтерлік 3 тұрғын үйдің, «Мелиоратор» ЖШС салған 280 пәтерлік 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Келесі мақала

Аймақта терроризмнің алдын алу және қорғаныс шаралары күшейтілді

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі