• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

«Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді

Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту үшін 2025 жылдың 20-21 қарашасында өңірде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

21.11.2025
in Құқық
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

​«Қыс-2025» оқу-жаттығуы қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлердің алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты – «Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлектетік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Аталмыш оқу-жаттығуға азаматтық қорғау құрылымдары, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды.

​20 қарашада азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің техникаларының саптық қарауы мен жиыны өткізілді.
​Оқу-жаттығуды өткізу орнында жедел штаб құрылып, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдары іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимылды жетілдіруі нақтыланды. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысты. Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров жалпы оқу-жаттығудың өткізілу барысына жетекшілік жасады.​
​21 қарашада сағат 9:00-де №1 практикалық оқу-жаттығу — КAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1357 шақырымында өтті. Тақырыбы: қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимыл. Оқу-жаттығудың шартына орай, жолаушылар атвобусы жеңіл автокөлікпен соқтығысты, салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, жолаушылар автобусында бірнеше азамат жарақаттанып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көліктің ішінен шыға алмай, қыстырылып қалды. Соқтығысқан автокөліктерге авариялық-құтқару жұмысын жүргізу, адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай зардаптарын жою бағытында тиісті іс-қимылдар жүргізілді. Оған 32 адам, 12 техника қатысты.
​Сағат 11:00-де Арал аумағында теміржол желісінде №2-ші практикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Тақырыбы: Жолаушылар поезының вагонында өрт оқиғасы орын алып, поезд қозғалысы бірнеше сағат тоқтайды. Вагонда туындаған өрт сөндірілді. Адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, ТЖ зардаптарын жою жұмысы жүргізілді. Оған авариялық құтқару құрылымдарынан 20 техника, 53 адам жұмылдырылды.
​Сағат 13:00-де №3 оқу-жаттығу жүзеге асты. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, Арал ауданында қарлы боран болды. Мал-жанға қолайсыз климат орын алып, салдарынан жол таппай адасқан, мал тасымалымен айналысатын 2 азамат жоғалды. Оларды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылып, далалы жерден адасқан азаматтарды тауып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш практикалық оқу-жаттығуға — іздестіру-құтқару жұмыстарына 14 техникасымен 64 қызметкер, сонымен бірге 1 кинологиялық есеп тобы белсене қатысты.
​Жалпы 2025 жылғы 20-21 қарашасында өңірде ұйымдастырылған «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1154 адам, 339 техника, 1 кинологиялық топ қатыстырылды.

Қызылорда облысы ТЖД
​

Алдыңғы мақала

Шеберлігін шегелеген шенді әйел

Келесі мақала

Қазалыда «Қыс-2025» облыстық штабтық оқу-жаттығуы өтті

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі