• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылорда облысында 8406 қыз бала АПВ екпесін алды

Адам папиллома вирусы – адамның терісін және шырышты қабаттарын зақымдайтын вирус түрі. Қазіргі таңда аталған вирустың 200-ден астам түрі белгілі. 14 түрі – жоғарғы онкогенді, ол жатыр мойны қатерлі ісігін тудырады.

08.09.2025
in Денсаулық
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Елімізде 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің ішінде бұл дерт сүт безі обырынан кейінгі екінші орында. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталады, 600-ге жуық өлім-жітім деректері тіркеледі.

Адам папиллома вирусының алдын алудағы ең тиімді жол – вакцинация. Әлемнің 135 елі АПВ-ға қарсы екпені жоспарлы иммундау күнтізбесіне енгізген, ТМД елдері бойынша адам папиллома вирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде қолданылауда. Басқа елдердің тәжірибесінде екпе ұл балаларға да жасалады.
Халықаралық тәжірбиеде адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізілген жүзден астам елде жатыр мойны обырының аурушаңдық көрсеткіші 90% төмендеген. Яғни қауіпті дерттің алдын алудағы жалғыз спецификалық шара – екпе екені дәлелденіп отыр.
Біздің елде адам папиллома вирусына қарсы вакцинация 11 жастағы қыз балаларға жоспарлы түрде және 12-13 жастағы қыздарға толықтыра иммундау 2024 жылдың күзінен басталып жүргізілуде. Бүігнгі күні 8406 қыз бала АПВ екпесімен қамтылды, оның ішінде 4089 жасөспірім қыз иммундаудың екінші турынан өтті. Вакцинациялаудан кейінгі қолайсыз көріністер орын алған жоқғ екпе қоры жеткілікті.
Адам папиллома вирусына қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ, ағзаға түскенде иммунитетті белсенді ететін жекелеген вирус ақуыздары бар. Олар өз кезегінде иммундық жүйе жасушаларымен адам папиллома вирусымен күресуге бағытталған антиденелер өндіріп, ағзаның вирусты тануына және онымен күресуіне оң ықпал етеді. Екпе обырды тудыруға қабілетсіз және әйелдердің репродуктивтік қызметіне кері әсерін бермейді. Бұл әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.
Қыз бала – болашақ ана. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне ат салысатын болашақ ұрпақты өсіруші тұлға. Ал ертеңгі ұрпақтың дені сау, саналы болуы әйел адамының денсаулығына тікелей байланады. Сол себепті қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, аурудың алдын алуда белсенділік, жауапкершілік танытуға шақырамын.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

Алдыңғы мақала

Президент: Екінші, үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды қазір бастау керек

Келесі мақала

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі