• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылорда облысының әкімі шетелдік инвесторлармен кездесті

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қытайлық инвесторлармен кездесіп, өңірде шыны талшық өндіру зауытын және күн электр станциясын салу жобаларын талқылады, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

12.06.2025
in Қоғам, Саясат
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақтың географиялық орналасуы мен климаттық жағдайы күн мен жел энергиясын молынан өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде облыста жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен салынған. Қуаттылығы 201,5 МВт болатын тағы 6 жоба қолға алынған.

Нұрлыбек Машбекұлы облыстың бұл бағытта айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

— Облыс аумағында шыны талшық өндірісін толық көлемде іске қосу үшін қажетті минералды шикізаттың бай қоры бар. Бұл өндіріс үшін кварц құмы, бор ангидриді, сода, натрий сульфаты, калий, әктас, доломит, магнезит, глинозем, қорғасын оксидтері сияқты шикізаттар қажет. Осы минералдардың барлығы облыс аумағында қолжетімді», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ.

Мамандардың айтуынша, облыста күн энергиясының әлеуеті жылына 32 триллион кВт/сағат, ал жел энергиясы 2,7 триллион кВт/сағат. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен 3000 сағатқа дейін жететінін ескерсек, бұл бағытта жаңа жобаларды жүзеге асыруға өте қолайлы жағдай қалыптасқан.

Аймақ басшысы қытайлық инвесторларға жобаларды орналастыру үшін «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын ұсынды. АЭА қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірқатар салықтық және кедендік жеңілдіктер беріледі. Оларды корпоративтік табыс салығы, кедендік баждар, жер және мүлік салығынан, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату қарастырылған.

Бұдан бөлек, мемлекет жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді және кейіннен сатып алу құқығымен жер учаскесін тегін жалға береді.

Кездесу соңында аймақ басшысы әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Алдыңғы мақала

Кәсіпкерлер бюджетке 2 млрд теңгеге жуық салық төледі

Келесі мақала

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі