• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада мыңдаған бүлдіршіндер балабақшасыз қалуы мүмкін

Қызылорда қаласында 42 балабақша жабылып, тәрбиешілер жұмыссыз, ал бүлдіршіндер төрт қабырғаның ішіне қамалуы мүмкін. Оған қалалық білім бөлімі басшысының шешімі себеп болып отыр дейді құрылтайшылар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына зерделеу жүргізген мемлекеттік мекеме әр түрлі кемшіліктерді анықтап, хаттама толтырып, келісім-шартты үзіпті, деп хабарлады «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

13.06.2025
in Қоғам, Білім
2
589
SHARES
1.7k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қалалық білім беру бөлімінің алдында ине шаншар жер жоқ. Ғимараттың алында жиналғандардың қатарында ата-ана да, тәрбиеші де бар. Білім беру бөлімі наурыз айында бөбекжайларға тексеру жүргізетіндігі жайында ескертпе жасапты. Бір ай бойы кемшіліктердің барлығын түзеп, комиссияны күткен жеке балабақшалардың құрылтайшылары келген тексерушілердің жұмысынан шошыныпты. Бақылаушылар әр түрлі нәрсені сылтау етіп, тырнақтың астынан кір іздеді дейді олар. Санитарлық талаптар мен білім беру қағидаларынан бөлек кіре берістегі кафельдің түсі, мұздатқыштың ішінен табылған майонез секілді тамақ қосымшалары теріс қорытындыға себеп болыпты.Балабақша басшылары айтқан кемшіліктерді жойып, жұмысшы топты нәтижесімен таныстырмақ болған екен.

— Кеткен кемшіліктеріміздің барлығын орнына қалпына келтіріп, бұл кісілерді 7 жұмыс күнінде күткенімізбен бұл кісілердің ешқайсысы бізге келіп қайта көрген жоқ. Бұдан кейін 3 жұмыс күннің шінде, яғни 30 мамыр күні бұл кісілер 42 Қызылорда қаласы бойынша балабақшаны мемлекеттік тапсырысы тоқтатылсын деген қаулы шығарып береді. – дейді — ҚАЗЫНА ОСПАНОВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ.

Балабақша құрылтайшылары мемлекеттік тапсырыс деп берілетін қаржыға білім бөлімінің қол сұғуы бірінші рет емес дейді. Осы жылдың басынан бастап олар бөлінген қаржының белгілі бір пайызын мемлекеттік мекемеге қайтарып отырыпты.

– Қаңтар айынан бастап 2025-тің заңсыз 19 пайыз қаулы шықпасада ақшамызды қиып отырды. Актіде басқа сома көрсетіледі, бірақ ақшамыздың 19 пайызын шегеріп алып қалып отыр. Қаңтар айында бір ұстады, февраль айында ұстаған жоқ, март айында бір ұстады. Апрель айында ұстады,  май айында тағыда ұстап қаламыз деп тұр. – дейді МАҚПАЛ БӘЙМЕНОВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ.

Айқай-шудан соң жиналғандарды қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы қабылдады. Ата-аналар мен тәрбиешілерді тыңдаған басшы бұрындары жеке балабақшаларға мұқтаж болдық, ендігіде барлығына талап күшейтіледі деп дөп басты.

– Сапаға көшетін уақыт келді. Сіз енді жанағыдай шаңы сүртілмеген, жататын орны сәйкес емес, тамақтанатын жердегі ауа желдеткіші жоқ жеде баланың тәрбиеленуін қалайсыздар ма сонда? – дейді БАҒДАТ БЕРДӘУЛЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

Сапаны сөз еткен басшы мемлекеттік балабақшаларға да тоқталды. Айтуынша осында барлық жағдай жасалған көрінеді. Қызылорда қаласында мемлекеттік бөбекжайлардың саны аз. Қала тұрғындары баласын орналастыру үшін кезекте кейде жылдап тұруға мәжбүр. Қаланың шет аймақтарындада мүлдем мектепге дейінгі тәрбие ошағы жоқ ықшам аудандар да бар. Сол себепті жиналғандар мәселе түбегейлі шешілгенше мұндай балабақшалардың жұмыс істеуіне кедергі емес ықпал жасаса дейді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада тыл ардагері құрметке бөленді

Келесі мақала

Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікірлер 2

  1. Роза says:
    10 месяцев бұрын

    3 балам үйде садигиміз жабылып. Алдын ала ескертілгенде жоқ жабылатын жөнінде. Бұлай жасау дұрыс емес канша ата анаға киын болып жатыр. Ешкандай садикке тиркей алмай жатырмын. Кешеден бери 3 садикке бардым.Канша садикке бардым тазалық қормедім соларды неге жаппаған. Барсаң бағалары аспанда тур биреудің қалтасы көтерелі біреуінікі көтермейді. Бир уйден 3 бала барады садик жок мектеп окитын қызым карап отыр амал жок садик жок каратамыз.

    Жауап беру
  2. Ainur says:
    10 месяцев бұрын

    Жеке садиктер қайта ашылса екен !!! Қателіктермен жұмыс жасауға уақыт беріңіздер .балаларымыз үйреніп қалды ортасына ,апайларына.Қанша адам жұмыссыз қалып отыр ,ол кісілерге де оңай емес.Қазір барлығы жұмыс басты ,балалардың болашағы үшін жұмыс істеп жүрміз барлығымыз .балаларымыз басқа ортаға үйренісу үшін уақыт керек .кішкентай балалар бірден үйреніспиді .ауырып ұзаққа дейін жүреді .балалардың да жағдайларын ойласаңыздар екен🙏🏻🙏🏻
    Қызылорда қаласы “Жарығым”” бала бақшасының ата анасы

    Жауап беру

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі