• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 15 қыркүйек, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Оқиғалар

«Мені өлтіріп жатыр». Рэпердің жүкті әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болды

Қазақстандық рэпердің әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеді. Сөзінше, ер адам оны белдікпен ұрып, қорқытқан, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

04.07.2025
in Оқиғалар
0
504
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Qurt лақап атымен белгілі қазақстандық рэпер (шын аты-жөні – Дамир Қойшубаев) әйелі Аружан Қойшубаева күйеуін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. 4 шілдеге қараған түні Аружан Instagram желісінде денесіндегі көгерген, гематомалар мен сызаттар бар фотоларды жариялады.

Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым таңертең болған.

«Таңғы 10-да ол мені бір сағат белдікпен ұрды. Белдік үзілгенше сабады. Ол үзілгесін басқасымен ұрды. Мен пәтерден қаша алмағандықтан, айқайлай бастадым. «Көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр» деп айқайлағанымды көршілер естіп, мені құтқарып қалды. Оны қатты жақсы көргендіктен, бұл жайт туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол кінәсін түсінер емес”, – деді жәбірленуші.

Кейінірек Аружан рэпердің елден кетуге ниетті болғанын, оған қоқан-лоқы жасағанын айтады. Сондай-ақ достарымен келіп, оған ешқандай шағымым жоқ екенін видеоға айтуға мәжбүрлемек болғанын айтады. Музыканттың анасы да оны арыз жазудан бас тартуға көндірмек болған екен. Соған қарамастан Аружан полицияға арыз жазуға ниетті.

Әнші SayMo мен Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жәбірленушіге қолдау білдірді.

Астана полиция департаменті оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жеткенін мәлімдеді. Агрессорға қатысты қорғау бұйрығы шығарылды.

“Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы “Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер” бойынша жинақталған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сот органына жіберілді», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Алайда сотта жәбірленуші кешірім беріп, екі тарап татуласқан дейді.

«Қазір оқиғаға қатысты басқа арыз түскен жоқ. Қосымша шаралар қабылданып, оның қорытындысы бойынша ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады», – деп қосты полиция.

PS.Qurt – 24 жастағы рэпер. Ол алғашында тәуелсіз әртіс ретінде өнер көрсетті, кейін Ozen қауымдастығына қосылды. 2020-2021 жылдары ол Скриптониттің Musica36 лейбліне қосылды. Ол Скриптонитпен “Сумки” әнін шығарды.

Stan.kz

Фото: Аружан Қойшубаеваның жеке парақшасы/ Biogr.net

Алдыңғы мақала

Продюсер Жан Мұқанов — «Әлемнің бүкіл зұлымдығы да, жақсылығы да – әйелден»

Келесі мақала

ҚАЖ қызметкерлері кітапханаға экскурсия жасады

Оқи отырыңыз

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
Спорт

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
Спорт

19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

Мектеп формаларына мониторинг жүргізілді
Білім

Мектеп формаларына мониторинг жүргізілді

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды
Спорт

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төріндегі жәрмеңкеде

Қазалыда түнгі рейд жұмыстары жалғасуда 

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары әскерге шақыру пунктіне барды

Қазалыда қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері алғысқа бөленді

Астанада Қызылорда облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Өзекті жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
Спорт

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

0

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен...

19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

Мектеп формаларына мониторинг жүргізілді

Мектеп формаларына мониторинг жүргізілді

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төріндегі жәрмеңкеде

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төріндегі жәрмеңкеде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
  • 19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
  • Мектеп формаларына мониторинг жүргізілді
  • Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды
  • Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төріндегі жәрмеңкеде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі