• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Республика күні, Алтын күз және ақын Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті

Сырдария ауданында Республика күні, Алтын күз және қазақтың көрнекті ақыны Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ардагерлер, шаруашылық төрағалары мен аудан меймандары және тұрғындары қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.10.2025
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына тоқталып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына зор үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

Мерекелік концертте ауданның белсенді азаматтары мен түрлі сала қызметкерлеріне облыс және аудан әкімінің “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаты” және еңбек адамдарына медальдар табысталды. Салтанатты іс-шарада ауыл шаруашылығы саласының үздіктері мен озаттары марапат тұғырынан көрінді.

Мереке барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, би және терме жанрларында өнер көрсетті. Сондай-ақ, ақын Ұлбике Жанкелдіқызының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық композициялар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік шара аясында стадион аумағында ұлттық нақыштағы алтыбақандар, сәндік безендірулер мен фотозоналар орнатылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балаларға арналған ойындар, қолөнер көрмесі және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтар көтеріңкі көңілмен уақыт өткізді.

Бұл мереке Сырдария ауданының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып, тұрғындардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін арттырды. Республика күні мен Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойы аудан өміріндегі айшықты мереке ретінде есте қалды.

Алдыңғы мақала

Мереке қарсаңында сырдариялықтар марапат төрінен көрінді

Келесі мақала

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі