• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов төрағалық ететін Партиялық бақылау комиссиясын күн тәртібінде негізгі төрт мәселе қаралды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

14.12.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бірінші мәселе «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Сырдария ауданы бойынша 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы аудан әкімі Б.Сәрменбаев баяндама жасап, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша ақпарат берді.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының ауданда орындалуы қатаң бақылауда. 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасының Сырдария ауданына жүктелген міндеттеріне 2025 жылға барлығы 48 шара белгіленген. 2025 жылдың 11 айында белгіленген 48 шараның 37 орындалды, 11-і орындалу үстінде. Оның ішінде, орындалмау қаупі бар шаралар саны – 6. Есепті кезеңде аудандағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,9 млрд. теңге болып, 19,4 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі
24,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында 129 жоба бойынша 202,8 млн. теңге грант қаражаты берілді. Жол картасы аясында ағымдағы жылы Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен 661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен табиғи газден қамтамасыз етілді. Ауданда электр желілерін тозу деңгейін 68 пайызға дейін түсіру межеленген. Бұл бағытта 2024 жылы Шаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны
490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жүзеге асуда. Жол картасы аясында 2025 жылы
9,5 шақырым жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және 15 шақырым елді мекендер көшелерін жөндеу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 982,3 млн. теңге қаржы бөлініп, аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы және Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 13 көше жөндеуден өтті. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын ауданда толық жүзеге асыруға жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдануда, – деді аудан әкімі.

Екінші мәселе бойынша Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдық округінің әкімдері халыққа берген уәделері бойынша есеп берді. Сонымен қатар аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2025 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы баяндама жасады. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылғы жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі А.Ибрагимұлы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып болған соң Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов партияның сайлауалды бағдарламасы аясында және бюджеттен қаржы бөлініп салынып жатқан нысандарды, оның ішінде әлеуметтік нысандар мен жол құрылысы, тұрғындардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша партиялық бақылау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау, құрылысы жүріп жатқан нысандарға партиялық бақылау жасау, партиялық жобаларды жүзеге асыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан Партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Жұмыстардың сапалық мазмұнын арттыру керек. Бірде бір нысан партиялық бақылау жұмыстарынан тыс қалмауы қажет, – деп қорытындылады Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек ЕМБЕРГЕНОВ.

Алдыңғы мақала

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Келесі мақала

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
Саясат

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Қоғам

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі