• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сәкен Сейфуллин ауылының 50 жылдық мерейтойы атап өтілді

Сырдария ауданының Сәкен Сейфуллин ауылында елді мекеннің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы, ауылдың ардагерлері, құрметті азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.11.2025
in Қоғам, Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараның басында аудан әкімі ауыл тұрғындарын айтулы мерейлі мерекемен құттықтап, елді мекеннің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, бірқатар тұрғындарды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Бүгінде келбеті жаңарған Сәкен Сейфуллин ауылының тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. «1 Май» мен «Құндызды» колхоздарының негізінде іргетасы қаланып, кейіннен «Ленин», «Партияның 21 съезі» колхоздарына біріктіріліп, осыдан жарты ғасыр бұрын өз алдына совхоз болып құрылған.

Қасиетті топырақтан батырлар мен билер, ақын-жазушылар мен елге танымал тұлғалар шыққан. Олардың өмір жолы мен өнегелі еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.

Тәуелсіздік жылдарында ауыл әкімдігі ғимараты, 150 орындық мәдениет үйі, балабақша, дәрігерлік амбулатория және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауылдың жаңа келбеті қалыптасты. Инфрақұрылым жаңартылып, көшелер абаттандырылып, тұрғындардың өмір сапасы арта түсті.

Мерейтой аясында Сыр өңірінің белгілі ақындарының қатысуымен айтыс ұйымдастырылып, ел мен жердің рухын асқақтатқан ерекше мәдени шара өтті. Айтыс барысында ақындар ауылдың өткені мен бүгіні, еңбек адамдарының ерен еңбегі, бірлік пен татулықтың маңызы жайлы жыр арқау етті. Әсем сөз өрнегімен өрілген жыр додасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, аймақтық мәдени өмірдің жарқын сәтіне айналды.

Сонымен қатар, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өмірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, ауыл ардагерлері мен белсенді тұрғындарға арнайы марапаттар табысталды. Ардагерлерге ізет көрсетіліп, жас буынға өнегелі сөздер айтылды.

Салтанатты жиын соңында ауыл өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында Есенов Расул Әбутәліпұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир бастау алды

Келесі мақала

Мөлдір Мұқан — «Біреудің бақытын тартып алып, бақытты бола алмайды»

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі