• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 17 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Наурызнаманың бір тармағына айналған «Шаңырақ күні» – отбасы құндылығын ұлықтауға, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге арналған ерекше сәт. Осы құндылықтарды насихаттау мақсатында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 17 наурыз күні «Көңілді старт» отбасылық эстафетасын ұйымдастырды.

17.03.2026
in Спорт
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста бақ сынап, финалда 15 үздік топ бәсекеге түсті. Спорт додасының алғашқы кезеңінде классикалық үлгідегі эстафеталық сынақтар әзірленсе, екінші кезеңде ұлттық ойындар ойынатылды.
Сайыс ережесіне сәйкес, жарысқа 35 жасқа дейінгі жұптар ғана қабылданды және команда құрамы екі адамнан (ерлі-зайыпты) жасақталды.
Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды – Габи Ахназаров пен Топбасы Ұлжалғас, ІІ орынды – Виктор Григорьев пен Анастасия Григорьева, ІІІ орын – Сырым Муханбетжанов пен Анара Муханбетжанова иеленді. Ал 12 қатысушы Алғыс хатқа иегері атанды.
Эстафета жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды: I орынға – 200 000 теңге, ІІ орынға – 150 000 теңге, ІІІ орынға – 100 000 теңге және шапшаңдық танытқан отбасыға 20 000 теңгеден сыйақы берілді.
Сондай-ақ эстафета қатысушыларын қолдауға келген жанкүйерлерге арнайы номинациялар табысталды.
Айта кетейік, шараның қадірлі қонағы ретінде Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ибраев Самат, Астана қаласы мәслихатының депутаты Нұржан Садырбаев, «Әкелер одағы» РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, «Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Мадина Бектұрғанова қатысты.
Сонымен қатар жиында «Di Medical» медициналық орталығы» ЖШС директоры Клара Өмірзақова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім жоғары мектебінің директоры Сомжүрек Баубек, журналист Әселім Әбілдинова мен «Еуразиялық банк» АҚ филиалының атқарушы директоры Асия Кулдыбаева төбе көрсетті.

– Бүгінгі эстафета – тек спорттық жарыс емес, достық пен бірліктің алаңы. Әсіресе жас отбасылардың ынтымағын нығайтатын маңызды шара деп санаймын. Өздеріңізге мәлім, Астана қаласы әкімдігі қала жастарын қолдауға жүйелі көңіл бөліп келеді. Мәдени шаралар, спорттық сайыстар, әлеуметтік жобалар үнемі назарда.
Бүгінгі сайыс сол маңызды бағыттардың жалғасы екені анық. Оның үстіне эстафетаның Наурызнама онкүндігінің «Шаңырақ күніне» тұспа-тұс келуі елеулі сәт екенін айта кету керекпіз. Бәріңізді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын, – деді Самат Сабырұлы.

Алдыңғы мақала

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Оқи отырыңыз

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Саясат

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі