• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі ауданында әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды жаңаруда

Қызылорда облысындағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі - Шиеліде әлеуметтің әлеуетін арттырып, халық игілігіне бағытталған іргелі жобалар жүйелі жүзеге асуда, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

14.07.2025
in Қоғам
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған орай республикалық және жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, жаңадан ашылған әлеуметтік нысандар мен құрылысы қарқынды жүріп жатқан жобалардың барысы таныстырылды.

БАҚ өкілдері сапарын қаңтар айында есігін айқара ашқан «Руханият орталығынан» бастады. Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын орталық — ауданның мәдени-рухани өміріне серпін беретін маңызды нысан. Екі қабатты заманауи ғимаратта түрлі шығармашылық және зияткерлік бағыттағы үйірмелер мен кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындардың мәдени қажеттілігіне қызмет етеді. Жаңа орталық — Шиелінің рухани тынысын ашатын, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қызмет ететін ордаға айналмақ.

Келесі бағыт — 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылысы болды. Бүгінде нысанның 50 пайызы аяқталып, құрылыс жоспарға сәйкес қарқынды жүруде. Бұл қос білім мен өнер ордасы қыркүйек айында толықтай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде аудан балаларының шығармашылық әлеуетін арттырып, қосымша білім алуына зор мүмкіндік ашады.

Бұдан бөлек, баспасөз туры барысында журналистер «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған бизнес-инкубатордың жұмысын көрді. Сондай-ақ, 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы, аудандық аурухана жанындағы МРТ орталығы, спорт кешені мен күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы мектептің де құрылыс барысымен танысты. Аудан орталығындағы негізгі көшелерді, алаңдарды, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.

Шиелі ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар — елді мекеннің экономикалық қарқынын арттырып, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Жаңадан бой көтерген әрбір нысан — ел игілігіне қызмет ететін, өңірдің өрісін кеңейтетін маңызды бастама.

PS. Келешекте де Шиелі жұртшылығының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатыны сөзсіз. Әлеуметтік серпінге жол ашқан осындай жобалар — ауданның дамуына серпін беріп, тұрғындардың жарқын болашағына негіз болмақ.

Алдыңғы мақала

“Мигрант” іс-шарасы қорытындыланды

Келесі мақала

Мәжіліс депутаты жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі