• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сот Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды

Астана қалалық ауданаралық соты қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға  үкім шығарды,- деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

25.07.2025
in Құқық, Қоғам
0
507
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Судья Сабыржан Каримов Перизат Қайрат кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.

Сондай-ақ Перизат Қайраттан:

  1. Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, “Көк жайлау” тұрғын үй кешеніндегі пәтерлері, автотұрақпен бірге;
  2. Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE, Haval H6 GT көліктері;
  3. Rebel Flowers жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
  4. 97 миллион теңге және 22 мың доллардан (12 миллион теңгеге жуық) астам қаржысы тәркіленді.

Мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді және 10 жыл бойы қайырымдылық қызметпен айналысуына тыйым салуды сұрады. Ал оның анасы Ғайни Алашбаеваға прокурорлар 8 жыл колония жазасын сұраған еді.

Іс материалдарына сәйкес, Перизат Қайрат пандемия кезінде кең тараған «Біз Біргеміз» ұранын пайдаланып, “BizBirgemiz Qazaqstan 2030” атты қоғамдық бірлестіктің құрылуына бастамашы болды. Заңға сәйкес бірлестікті жеке ашуға рұқсат болмағандықтан, ол құрылтайшы ретінде тоғыз адамды (көбі Nur Otan партиясының жастар қанаты мүшелері) тартқан және олардың қолдарын қолдан жасаған.

Айыптау нұсқасы бойынша, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық желеуімен жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені жымқырған. Бұл қаражат мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға, Палестина азаматтарына, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған еді. Алайда ол ақшалар қымбат киімдер мен сөмкелерге, пәтерлер мен көліктерге, шетелге сапарларға жұмсалған.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот процесінің басында Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты “тергеушілердің қиялы” деп бағалады. Одан кейінгі сот жабыр режимде өтті. Прокурордың айтуынша, Қайрат өзіне және анасына сән-салтанатты өмір сүруге мүмкіндік берген қаржының шығу көзін түсіндіре алмаған.

Іс бойынша жәбірленушілер ретінде танылғандар – 50-ге жуық адам, олардың арасында қарапайым азаматтармен қатар ірі компаниялар, банктер мен ұйымдар да бар. Айыпталушылардың адвокатының айтуынша, барлық жәбірленушілер азаматтық талап арыз берген жоқ, яғни кейбір азаматтар ақша аударғанымен, соттан өтемақы талап етпеген.

Stan.kz

Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Келесі мақала

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі