Төртінші курс студенті емтихан тапсыру кезінде, проректордың кабинетіне кіріп бұрышты баллон шашқан. Сондай — ақ ол проректорды алқымынан алып, пневматикалық тапаншамен, пышақпен қорқытқан.
ЖОО күзетшілері дабыл түймесін басып, Росгвардия қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген күш құрылымдары студентті ұстады.
PS. Алдын ала ақпарат бойынша, студенттің бұл әрекетке баруына академия әкімшілігінің өкіліне деген жеке араздығы себеп болған. Қазіргі уақытта ол одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылған.
Фото: Shz.de