• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 31 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Су шаруашылығының мәселелері талқыланды

ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың қатысуымен өңірдегі су шаруашылығының мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған жауапты сала, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі

27.06.2025
in Қоғам
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Министр су шаруашылығының қазіргі жағдайына орай қолға алынған жұмыстарды атап өтті.

«Ғаламдық климат өзгерісіне байланысты су көлемі жыл өткен сайын азайып барады. Бұл орайда су пайдаланудың жаңа мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Заңсыз су алу әрекеттерінің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейту керек. Биылғы вегетациялық кезеңде егістікті қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету өзекті. Көктемде ауа райы қалыптан тыс жылы болып, вегетациялық кезең ерте басталды. Бүгінде су тапшылығы орын алуда.
Әріптестер, берілген суды ысырапсыз пайдалануға, бекітілген кестеге сәйкес дақылдарды кезекпен суаруға, ауыспалы егіс тәртібін сақтауға қатаң бақылау орнатуымыз керек», — деді Н.Нұржігітов.

Жиында 10 маусымнан қолданысқа енгізілген жаңа Су кодексінің талаптары мен нормаларын іске асыру жолдары түсіндірілді.
Егілген дақылдардың қазіргі жағдайы туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, вегетациялық кезеңде атқарылған жұмыстар жайында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметов баяндады.
Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрған заңсыз су алуды анықтау мақсатындағы мониторингтік топтың жұмыс қорытындылары, бассейндік су инспекциялары мен «Қазсушар» РМК-ның судың «қара нарығына» қарсы іс-қимыл бойынша қадамдық алгоритмі туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Абдықұлов, комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов сөз сөйледі.
Суару науқаны басталғаннан бері Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы Сырдария өзенінен 1,9 млрд. текше метр су алып, тұтынушыларға 1,5 млрд. текше метрін нақты жеткізіп берді.
Әзірленген су пайдалану жоспарына сәйкес су көзінен магистральді және шаруашылықаралық каналдар арқылы секундына 429 текше метр су алынуы қажет болса, нақты секундына 370 текше метр су алынуда. Су тапшылығы жағдайында егілген егісті шығынсыз алып шығу үшін министрліктің қолдауымен, облыс әкімдігімен бірлескен іс-шаралар қолға алынды. Инспекция мамандары рұқсат құжатын рәсімдеу тәртібі, заң бұзушылыққа жауапкершілік жөнінде жадынама әзірлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Биыл облыста 189 585 гектар жерге егін егілді.
Оның, 93 136 гектары — дәндi дақылдар, 5 714 гектары — майлы дақылдар, 73 285 гектары — мал азықтық дақылдар және 17 450 гектары — картоп, көкөнiс, бақша.
Өңірде су үнемдеу технологиялары кеңінен пайдаланылуда. Бүгінде 180 насос қондырғысы жұмыс істеп тұр, әлі де 165 насос қажет. Лазерлік тегістелген күріш алқаптарының көлемі 60 мың гектарға ұлғайды. Ал, су үнемдеу технологиялары пайдаланылған жер 8 100 гектарға жеткізіледі.
PS. Егісті сумен қамтамасыз етуге 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимиті бекітіліп, қала, аудандар бойынша бөлініс белгіленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі медициналық мекеме ғимаратының құрылысымен танысты

Келесі мақала

Жедел ішек инфекцияларынан сақ болу маңызды

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі