• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Сыр өңірінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және құрылыс саласында атқарылған жұмыстар сараланған жиын өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

17.08.2025
in Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосуға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, жауапты сала басшылары, қала және аудан әкімдері мен құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Аймақ басшысы ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысында сапаға баса мән беруді тапсырды.
«Жаңадан пайдалануға берілетін нысандардың өңіріміз үшін маңызы зор. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің, 11 мың орындық жаңа стадион мен тұрғын үйлер құрылысының сапасы мен табысталу мерзіміне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Құрал-жабдықтары, жан-жағының абаттандырылуы толық дайын болуы керек», — деді Н.Нәлібаев.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасымен облысымызда 10 мектеп салынып, пайдалануға берілуде. Осыған дейін 6 мектеп іске қосылған. Қалған 4 мектептің 3-еуі (Қызылорда қаласы Арай м/а 1500 орындық, Қызылжарма м/а 600 орындық және Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер) жаңа оқу жылына дейін, тағы 1 мектеп (Қызылорда қаласы СПМК-70 м/а 1500 орындық мектеп) екінші тоқсанға дейін ел игілігіне табысталады деп күтілуде.
Жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 5 млрд. 700 млн. теңге қаржыға 9 мектепке 2 900 орындық қосымша ғимарат салынды. Нәтижесінде үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының делегациясы отырар ауданында тәжірибе алмасты

Келесі мақала

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі