• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

“Сыр толқыны” ІІ республикалық күйшілер байқауы өтеді

Бүгін Жыраулар үйінде Ұлттық домбыра күні және күйші Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған II республикалық күйшілер конкурсының баспасөз брифингі өтті, - деп хабарлайды - "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

04.07.2025
in Мәдениет
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақта екінші рет өткелі отырған өнер додасына еліміздің 10 бірдей өңірінен 24 талантты күйші қатысады. Бұл байқау күй өнерінің дамуына серпін беріп қана қоймай, өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға да ықпал етпек.

— Байқаудың Қызылордада өткізілуі біз үшін үлкен мәртебе. Сыр елі — терме мен күйдің, жыраулық өнердің қасиетті ордасы. Осы топырақта дүниеге келген күйші Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған бұл шараны Сыр елінде өткізу тарихи сабақтастықты жалғастыру, ұлттық өнерге деген шынайы құрметтің көрінісі. Байқау жас таланттарға шабыт беріп, күй өнерінің жаңа есімдерін танытатынына сенеміз. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген домбырашыларға сәттілік тілеймін. Бұл өнер мерекесі баршамызға рухани қуат сыйлайды деп ойлаймын,- деді Талғат Бақытбекұлы.

— «Сыр толқыны» байқауының Қызылордада өтіп жатқанына ерекше қуаныштымын. Осындай тарихи жерде күй сайысының ұйымдастырылуы үлкен мәртебе. Біздің басты мақсатымыз — жас таланттарды анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету. Байқауға қатысып жатқан домбырашылардың бәрі де өнерге шынайы берілген, болашағынан зор үміт күттіретін орындаушылар. Осы жобаны ұйымдастыруға мұрындық болған облыстық филармония директоры Талғат Бақытбекұлына алғысымды білдіремін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Күй күмбірі ешқашан үзілмесін,- деді Төлепберген Төреахметұлы.

— Шыны керек, соңғы жылдары Сыр елінде күй өнері кенжелеп қалғаны рас. Десе де, осындай ауқымды байқаулардың өтуі ұлттық мұрамызға серпін беріп, домбыра үнін қайта жаңғыртады деп сенеміз. Мен де осы байқауда қазылық ететін боламын. Қатысушылардың шеберліктерін, орындаушылық мәдениетін, шығармашылық көзқарасын әділ бағалауға тырысамыз. Жарыс оңайға соқпайтыны анық. Себебі әр өңірден келген домбырашылар мықты дайындықпен келген. Сәттілік болсын,- деді Мүсілім Балтабайұлы.

— Сыр елінің қонақжайлылығын бірден сезіндік. Байқаудың деңгейі жоғары, қатысушылардың барлығы да талантты, дайындықтары мықты. Әрине, жеңіс — мықтыныкі. Біз де барымызды салып, өз өнерімізді лайықты түрде көрсетеміз деп ниеттеніп отырмыз,- деді Айшолпан Қасымова.

Алдыңғы мақала

Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Қызылордада 50- ден аса кәсіпкер жұмыссыз қалды

Оқи отырыңыз

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Құқық

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
Құқық

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Қоғам

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі